Робототехника енді қазақша сөйлейді
Енді жасанды интеллект, деректерді талдау, робототехника және компьютерлік ғылымдар саласында қолданылатын көптеген терминдер мен сөздердің аудармалары бар. Ғалымдар терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың әртүрлі нұсқаларын қамтитын глоссарий әзірледі. Оны Тіл саясаты жөніндегі комитетке бекітуге жіберді.
«Біз жасанды интеллект, деректер талдау және робототехника саласындағы көптеген терминдердің ресми бекітілген қазақ тіліндегі аудармасы жоқ екенін байқадық. Сондықтан терминдерді қазақшаға аударуды бастадық. Жасанды интеллект пен робототехника саласы елімізде кең таралғандықтан, терминдердің аудармасын ұсындық», – деді ISSAI-дің негізін қалаушы директоры, профессор Атакан Варол.
Лингвистика саласындағы сарапшылар мен ISSAI мамандарының қатысуымен өткен республикалық терминологиялық комиссияның отырысында кейбір сөздер аудармасыз қабылданды және өзіндік ағылшын тіліндегі айтылуын сақтап қалды. Қалғандары ресми түрде қазақшаға аударылды. Мысалы, artificial neural network термині «жасыл нейрондық желі» деп аударылса, boosting термині қарызға алынған сөз – бустинг ретінде пайдалануға шешім қабылданды. Барлығы 672 сөз ресми түрде бекітілді.
«Біз цифрлық ортада қазақ тілінің дамуына үлес қоса алғанымызға өте қуаныштымыз», – деп қосты профессор Варол.
Бекітілген терминдерді ISSAI мен termincom.kz сайттарынан табуға болады.