Өрт оқиғаларының басым бөлігі жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланбағандықтан орын алады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары  азаматтық қорғау подполковнигі Мұханов Мұрат Сейтмолдаұлы мәлімдеді.

«2019 жылы облыста 60 өрт  оқиғасы тіркелген. Тексере келе, оқиғаның басым бөліктері тұрғын үй массивтерінде тіркеледі. Барлығыңыз білетіндей, жылу маусымы аяқталғаннан кейін тұрғындар неше түрлі электр пештерін пайдаланады. Және де оның үстіне киімдер іліп, өрт оқиғасының шығуына себепші болады. Сондықтан барлығыңызды қосымша жылыту құрылғыларын пайдаланғанда абай болуды ескертеміз. Бүгінгі таңда тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргілуде. Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмаған жөн »– дейді мамандар

 

 

2018 жылы суда қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан 10 адам қаза тапты

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімі бастығының міндетін атқарушы Демеуберген Рәтбек Қожахметұлы мәлімдеді.

 

Деректерге сүйенсек, барлық төтенше жағдайлар судағы қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан болып отыр. Суда 10 адамның қаза болуының негізгі себептері: жабдықталмаған  су айдындарында шомылу, суда қауіпсіздік ережесін бұзу,суға түсу кезінде өзінің шамасына қарамау, ішімдік ішкен күйде суға түсу, балалардың су маңында ересек адамдардың қарауынсыз болуы, балық аулау кезінде ережені бұзу болып табылады. Өткен жылы тіркелген  10 оқиғаның 6-ы  Ақтауда , Кендірлі демалыс базасында екеу,  Форт-Шевченко каласында 2 жағдай тіркелді дейді мамандар.

Жалпы өңірде жағалау 1000 шақырымды құрайды. Каспий теңізі жағалауында жаз кезінде суға түсуге арналған 30 учаске бар. Оның– 20-сы Ақтау қаласында, 10-ы «Кендірлі» демалыс базасында орналасқан. Сондай-ақ 3  жағажай аймағы, 5  балалар лагерлері, 22  демалыс базасы бар.

Алдағы жаз мезгілдерінде Ақтау қаласындағы 14 демалыс базасының 8-і жұмыс жасайды деп жоспарлануда. 5 демалыс базасы жұмыс жасамайды, 1-еуінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Теңізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының  4 құтқару бөлімшесі бар. Атап айтсақ, олар Ақтау қаласы, Кендірлі демалыс базасы, Түпқараған ауданы және Құрық селоларында орналасқан.