Арқада Бурабайға жер жетпейді

«Қазақстан — 2050: «Ауыл — рухани жаңғырудың қайнар бұлағы» атты «Нұр Отан» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Qazaqstan zamany» газеті, «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайты бірлескен экспедициясы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола облысының Ақкөл, Бурабай аудандарында болды. Экспедиция жетекшісі «Қазақстан-Zaman» ЖШС бас директоры, қоғам қайраткері С.Мешітбайқызын Ақмола облысының әкімінің орынбасары А.Мысырәлімова қабылдады. Қабылдауда Сәуле Мешітбайқызы экспедицияның мақсат, мүддесін атап өтті. Келесі кезекте әкім орынбасары Айна Ермекқызы облыстың тыныс-тіршілігін қысқаша таныстырды. Таныстырудан соң еркін пікір алмасып, ақпарат саласында бірлесе жұмыстау жайын талқылады.

Бурабай қазақтың басын біріктірген ұлы хан Абылай орда тігіп, қазақты мамыражай күй кешірген киелі мекен. Бурабай табиғаты тамылжыған, орман тоғайында бұлбұл құстары сайраған, айдын көлінде аққу жүзіп, үйрек ұшып, қаз қонған сулы, нулы өлке. Сырға толы Оқжетпесі, Жұмбақтасы, Кенесары үңгірі, Абылай алаңы, Хан тағы әліде талай сырды ішіне бүгіп жатыр. «Арқада Бурабайға жер жетпейді», — деп ақиық ақын Мағжан жырға қосты. Бурабай жайлы айта берсек, сыр ақтарыла береді. Осындай Алла жаратқан Бурабайдың табиғаты адам қолыменде жылдан жылға көркейіп, түрленіп, түлеп, туристік карталарда қызықты орындар, әсем ғимарат, жаңа нысандар пайда болып, елімізге танылып, келесі кезекте әлемге танылу сатысында тұр. Щучинск қаласымен Бурабай кенті арасында бірнеше жерде бильбордтар көзге анадайдан түседі және көңілді көтеріп, еркіндік, тәуелсіздіктің лебі есіп, әр қазаққа күш-жігер сыйлайды.
Аудан 1928 жылы Ақмола губерниясы Көкшетау уезінің Макинск, Щучье және Крестьян, Совет болыстарының бөліктерінен тұратын Қызылжар округі (Петропавл қаласының орталығы) құрамында құралған. 1932 жылы Қарағанды облысының, 1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысының, 1939 жылы Ақмола облысының, 1944 жылы Көкшетау облысының құрамында болған. 1997 жылы аудан Көкшетау облысы таратылғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысының құрамына қайта кірді, ал 1999 жылы Ақмола облысы орнағанда, осы облысқа қарады. Он жылдан соң 2009 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Бурабай ауданы аталды. Әкімшілік орталығы — Щучье қаласы.

Егін орағын ойдағыдай бітіріп, мол өнім алдық

Экспедиция мүшелерін аудан әкімі Қ.Қарауылов қабылдап, ауданның экономикалық, әлеуметтік жағдайынан хабардар етті. Біз Бурабай әсем табиғатымен туризмге сұранған өлке болғандықтан туризмді дамытуда атқарылған және атқарылатын істерге көңіл қойып, еркін сұхбатқа көштік. Аудан егін орағын ойдағыдай бітіріп гектарынан 16,1 цн өніп алып,164,1 мың.тонна астық жинапты.
— Курортты аймақты дамыту жайына қысқаша тоқталсаңыз.
— Атарылған жұмысауқымды, ол сол қарқынымен әрі қарай жалғасатын болады.Атап айтсам, Бурабай курорттық аймағын дамыту аудан экономикасындағы басым міндет. 2018 жылға арналған курортты аймақты дамыту бойынша 15 жоба үшін 2,1 млрд. теңге бөлінді, оның 10аймағын сумен жабдықтаукезек күттірмес мәселе. Инфрақұрылымға келсек, Бурабай курорты аумағы 167 нысаннан тұрады, олардың 45-і санаториялық-курорттық мекеме, оның ішінде 14-і балалар сауықтыру орталығы, 122-сі туристерді орналастыру нысаны.
Мысалға, 2017 жылы курорт қонақтар үшін Қатаркөл көлінің оңтүстік жағасында орналасқан “Rufus Lodge” бутик-отелі, Бурабай кентіндегі “Green Which Hotel” отелі, Сарыбұлақ ауылындағы “Green Park Burabay” қонақ үй кешені өз есіктерін ашты.
Биылғы маусымда 24 нөмірден тұратын, сыйымдылығы 70 орындық “Ар-хей” ЖШС-ның сауықтыру кешені пайдалануға берілді, “Жеке-Батыр” және “Щучье”шипажайларына қайта жаңарту жүргізілуде.


Щучье көлінің оңтүстік-шығыс бөлігінде “Назарбаев университеті” ғылыми-сауықтыру кешені және “Қазмұнайгаз-Сервис NS” АҚ жүргізіп жатқан гольф-клубтың құрылысы жүргізіліп жатыр.
— Жоба ауқымды жалғасып жатыр екен. Туризм ерекше сала, маман жұмысшы, қызметкерлер жеткіліктіме?
— Щучинск қаласындаарнаулы үш оқу орны бар, олар 14 мамандық бойынша туристік индустрия үшін кадрлар даярлауға маманданған. Жоғары педагогикалық, Туризм және сервис индустриясы колледжі және “Арман” оқыту орталығы да мамандар дайындауда.Көкшетауда Туризм-сервис академиясы құрылды.Өңірде туристерге қызмет көрсететін 22 туристік фирма жұмыс істейді. Осы фирмаларда қажетті мамандарын өздері дайындап келеді.
— Курортты аймақты аралап танысатын, қызықтап серуендейтін қанша бағыт-бағдар жасақталған?
— Демалушыларды өздерінің қалауымен серуендейтін 19 жаяу, 2 атпен, 1 велосипедпен, 1 су көлігі, 6 автобус арқылы, барлығы 29 экскурсиялық маршрут әзірленген. Әрине, ол жерлер тарихи және белгілі, танымал, әсем жерлер.
— Биыл ерекше орын алар қандай үлкен жоба, нысандар игерілді?
— Үстіміздегі жылы біршама тарихи нысандар пайдаға берілді. Ең ірісі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өткен Щучинск қаласындағы трамплині бар шаңғы базасы.
Базада 200 орындық қонақ үй, 100 орындық дәмхана, бассейнді спорт кешені, медицина орталығы, қар жинайтын техника орталығы, төрешілер павильоны,әкімшілік ғимараты бар. Абылай хан алаңында ашық аспан астында композитор М.Төлебаевтың “Біржан-Сара” операсы қойылды. Шараға мемлекет басшысы келді.Сонымен қатар, Абылайхан алаңында НТВ телеарнасының (Ресей) Джон Уорренмен «Поедем, поедим!» бағдарламасы түсірілді. Оған барлық аудандардан киіз үйлер әкеліп, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындары көрсетілді, концерт ұйымдастырылды. Биылғы жылы Зеленоборда “Жайлау” этноауылы ашылды. Абылай хан ауылында “Ботай” мәдени-тарихи мұражайы құрылды. Щучинск қаласының телемұнарасы аумағына биіктігі 14, ұзындығы 77 метр«Burabay» жазуы орнатылды. Ол демеушілер қаржысымен іске асты. Маусымның соңына дейін басқа да қызықты жобалар жүзеге асырылатын болады.
— Аймақта туризмді дамытуға “Four Seasons” жобасы жұмыс істейді. Оның іске асырылуы қандай жағдайда?
—Бұл жобаны Ақмола облысының туризм басқармасы әзірлеген. Жоба 2018-2019 жылдарға арналған. Оған 23 зәкірлік (Армреслинг бойынша Азия чемпионаты, Burabay Yoga Fest спорттық би бойынша ҚР Кубогы, Желкенді қайық регатасы, “Синегорье” бардтың өлеңдер фестивалі, Қан сонар және т. б.) және 39 уақиғалық (“Біржан-Сара” операсы, құзға шығу бойынша ҚР чемпионаты, Open Air электронды музыканың фестивалі және т. б.) іс-шаралар енгізілген.


Сондай-ақ «Бурабай Даму» ЖШС Бурабай ауданының жергілікті атқарушы органымен бірлесіп, туристерді тарту үшін «Қымыз Фест Бурабай», «Бәйге», «Бурабай Барысы» қазақша күрес турнирі, веложарыс, Жанды музыка фестивалі сияқты оқиғалық іс-шаралар өткізді, олар туристердің де, жергілікті тұрғындардың да есінде қалғаны сөзсіз.
— Әңгіме аяғында Щучинск кенті жайлыда айтып өтсеңіз.
— Біз кентті абаттандыру мен санитарлық тазалауға ерекше назар аударуға тырыстық.Кентті абаттандыру аясында Кенесары көшесінің бойына қылқан жапырақты ағаштың 400-ден астам көшеті отырғызылды.
Аудан әкімдігі Бурабай кентінің орталық алаңын көркейту бойынша жұмыстар жүргізді, онда бедер тастар төселіп, гүлдер үшін құмыралар қойылды, бірыңғай заманауи стильде безендірілген, туристер арасында танымал “Street food” тамақтану пункттері орналастырылды.
“Бурабай” МҰТП-мен бірлесіп, Бурабай кенті мен Ақылбай ауылында кемпингтік алаңдар үшін екі орын белгіленді. Өздеріңіз көріп отырғандай, көп жұмыс атқарылды, бірақ алда әлі көп істер күтіп тұр. Жұмыс жеткілікті, болашаққа жоспарлар белгіленді, оларды жүзеге асыру жалғасатын болады. Елбасымыз курортты аймақты өркендетуге айрықша көңіл бөлуде. Осыған сай облыс әкімі тың идеялар қарастырып, оны жүзеге асыруды белсенді атқарып келеді. Бурабайды өркендету, оны әлемдік деңгейге көтеру үшін орасан зор күш-қайрат, еңбек керек. Ол бізде бар және оны қажымай, талмай атқаратын боламыз.
— Қанат Серикұлы, әңгімеңізге рақмет.

Кітап — рухани азық, кітапхана — алтын қор

Экспедиция мүшелерін Бурабай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айгүл Тыштықова (Қапарқызы) бастап, балалар кітапханасы ұжымымен таныстырды. Біз ұжым қызметкерлерімен танысып, кітапханадағы кітапқоры, электронды ақпарат жүйелерімен танысып болған соң, орталық директоры Айгүл Тыштыковадан (Қапарқызы) қысқаша таныстыруды өтіндік.
— Кітап — құнды дүние. Құнды дүниенің ерекше сақталуымен қатар адамзатқа білім нұрын шашып тұруы тиіс. Ол — кітапхана. Осы құндылықтарды ескере отырып ауданда «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» пайда болған. Орталыққа Щучье қаласында орталық кітапхана, балалар кітапханасы және ауылдық округтердегі шағын кітапханалар қарайды. ХХІ ғасыр — жаңа технологиялар заманы. Уақыт зымырап, технология дамып кетті. Соған сай кітапхана қызметін пайдаланушылардың интеллектуалды деңгейі,талғамы жоғары. Оқырмандарымыздың қажетті талап-тілектерін орындау үшін жаңа ақпарат көздерін дер кезінде тауып, озық технологияларды енгізуге барынша үлес қосып келеміз. Сіздер көріп, танысып отырған бұл кітапхана аудандық балалар кітапханасы. Кітапхана «COWORKING» орталығы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ашылды. Аталған орталық заманауи үлгіде жаңа кітап қорымен жаңа жиһаздар, жаңа технологиямен және жоғары жылдамдықты интернетпен жабдықталған. Іші жайлы, таза, жарық әрі кең.
— «Интернет дамыған заманда кітапханаға келетін жастар бар ма?» — деген сұрағымызға балалар кітапханасының жетекшісі Гүлзада Әпенованың жауабы:
— Кітапхана — қоғамдық-мәдени орталық. Біз оқушыларды өзімізге тарту үшін біраз насихат, үгіт жүргіздік. Қызықты тренинг, семинарлар өткіздік. Соның арқасында келушілер, оқырмандар арнайы түрлі тақырыптарда семинарлар, дәрістер және тренингтер өткізуге бейімделді. Осылайша дәстүрлі кітапханадан заман талаптарына сай нағыз білім орталығы ретінде қайта жаңғырған оқу орнына айналдырып келеміз. Қазір жастардың жиі бас қосатын мәдени ошағына айналды деуге болады.
Бүгінгі күні кітапқанаға уақытын арнайтындар болмаса, келушілер саябырлағаны көрініп тұр. Тарихи романдарды жастанып жатып, қайта-қайта оқитын жастар қарасы молайса дейсің….

Кел, балалар, оқылық!

Аудан орталықтарында заманауи соңғы үлгіде салынған білім ошақтары көбейіп келеді. Мектепте білім алу, өнер, спортқа арналған құрал-жабдық, арнаулы бөлмелердің барлығы бар. Сондай мектептердің бірі — Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің тыныс-тіршілігімен таныстық. Мектеп 2016 жылы салынған. Таза қазақ мектебі.Мектеп алдында бізді қарсы алған мектеп директоры Жомарт Қайрмденов бауырымыз өзін таныстырған соң, мектеп ішін аралатуды бастады. Мектеп жаңа, дербес жылу қазандығы, орталықтандырған инженерлік жүйемен қамтамасыз етілген.

Оқыту бағдарламасында қарастырылған пән кабинеттері жеткілікті, оның сыртында мультимедиялық, лингафон кабинеттері бар. Спорт және жиналыс залы жаңа үлгіге сай салынған және жабдықталған. Оқимын деген балаға бәрі де бар. «Биыл Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жаңа кабинет аштық. Онда «Туған өлке», «Ардагерлер», «Бурабай ауданының кешегісі мен бүгінгісі» тақырыбында ақпараттық стендтер, тарихикітаптар,салт-дәстүрді насихаттаған бұрыш, бөлімдері бар. Бүгінгі күні 900-ге тарта оқушы оқиды. Асхана 320 орынға арналған, кең әрі жайлы. Әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 46 жанұяның 83 баласы тегін және 293 бала жеңілдікпен тамақтанады. Мектепте жалпы 119 адам жұмыс істесе, оның 72-сі ұстаздар. Мектеп түлектерінен 2018 жылы 4 бала «Алтын белгі», 2 бала «Үздік атестатпен» бірді.

Біздің балаларөнерге құштар, спортта алдыңғы қатардан көрініп жүр. Жас өспірімдер арасынан болған ел чемпионатында Берекулов Үйсінбектің шәкірттері Муса Мустафа және Тенгелди Ставрос алтыннан алқа тағып оралды. Директор Жомарттың таныстыруымен мектеп ішін аралап көрдік, құрылыс жаңа, таза, кең, жарық, кабинеттері заманауи жарақталған, оқимын дегенге барлық мүмкіндік жасалғанын көрдік.

Малға жайылым, шабындық жер аз…

Жеке кәсіпкер «Абдрахмановтың» сүт-тауарлы фермасы Атамекен ауылында орналасқан. Фермада 170 бас сиыр, 100 бас жылқы бар. Ферма жетекшісі Болатбек Абдрахманов өзі болмағандықтан қызметкерлері ферманың тыныс-тіршілігін баяндап, таныстырды. Фермада ағайындар бірлесіп жұмыс жасайды екен. Ағайындылардың айтуынша, мал басын 500-ге жеткізуді көздепті. Қазіргі ферманың қасынан жаңа ферма құрылысы жүріліп жатыр. Жем-шөпті өздері дайындапты. Олардың айтуынша, жем-шөп егетін және мал жайылатын жер жетіспей жатқаны және шетелден әкелетін асыл тұқымды малдарға берілетін субсидия отандық асыл тұқымды малдарға берілмейтінін жеткізді.


Кәсіпкерлер сиырдан басқа жылқы ұстап, жүйрік баптайды екен. Республикалық, облыстық жарыстарда бірнеше рет бас бәйге алыпты. Соның бірі — 2011 жылы Қарақат атты тұлпарымен Президент кубогын жеңіп алып, джип көлігін ұтыпты. Қазірде жүйрік баптап, бақтарын сынауға дайындалу үстінде екен. Ағайынды кәсіпкерлер Атамекен ауылының мектебіне, спортшыларға қаржылай демеушілік жасап, ауылдың ішкі жолдарын жөндеуге қарайласып тұрады екен. «Кәсіпкерлер үлкейіп, өркендеуге мүмкіндігіміз мол. Бірақ малды жаюға жайылым, мал азығын егетін, шөп шабатын шабындық жер жетіспей, қол байлау болып тұр», — дейді.

Дахан Шөкшир

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.