Жаңадан ашылған орталық ОҚО тұрғындарына құқықтық тұрғыда ақысыз қызмет көрсететін болады

ОҚО.  ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев және облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровдар құқық қорғау қызметтері орталығының ашылу салтанатына қатысты. Облыс әкімі жиынға қатысушыларды орталықтың ашылуымен құттықтай келе, халықтың құқықтық сауатын ашуда бұл мекеменің маңызы зор екенін айта кетті. Және Жансейіт Түймебаев: «Енді жаңа орталықта 11 мекеменің мамандары азаматтарға ақысыз түрде 22 түрлі кәсіби құқықтық көмек көрсетеді. Бұл дегеніміз әлеуметтік, кәсіпкерлік салаларында жиі кездесетін мәселелердің уақытылы және жедел шешілуіне зор ықпал етеді деген сенімдемін», — дейді.

Орталықтың ашылудағы негізгі мақсаты – азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсетіп, оларды әуре-сарсаңға салмай құқығын жедел түрде қорғау арқылы халықтың мемлекеттік және құқықтық мекемелерге деген сенімін арттыру болып табылады.

Енді ғана жұмысын бастап жатқан орталықта тәжірибелі прокурорлар, адвокаттар, медиаторлар, нотариустар мен мемлекеттік кірістер органдары, ішкі істер департаменті, облыс әкімдігі және пробация қызметінің мамандары жұмыс жасаумен қатар,   азаматтарға құқықтық тұрғыда ақысыз қызмет көрсетеді. Бұл дегеніміз енді әрбір азамат құқықтық салада кездескен кез-келген мәселесін осы орталық арқылы оңай-ақ шеше алады және осы сала да туындайтын біршама іс шешімін табатын болады. «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсететін құқық қорғау қызметтер орталығы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында орналасқан орталық заманауи техникалық құрылғылармен, электронды кезек жүйесімен, күту залымен басқа да қажетті инфрақұрылымдармен жабдықталған екен.

Бас Прокурордың орынбасары құқықтық қызмет көрсетуді бір жерде шоғырландыру туралы Ұлт жоспарының 100 қадамында айтылғанын және аталған орталық сол тапсырманы орындау барысында осы орталық ашылғанын жеткізді.

Ерлан. Сабыржанов

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.