ЖАҢА ТӨРАҒАЛАР САЙЛАНДЫ

Түркістанда «Nur Otan» партиясы Саяси кеңес бюросының мәжілісі өтті. Партия филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің ұсынысымен облыстық деңгейде мәслихаттағы депутат фракциясының рөлін күшейтіп, «Nur Otan» партиясын жаңғырту мақсатында фракция басшысы мен партиялық бақылау комиссиясының төрағасын қайта тағайындады. 
Жаңадан тағайындалған Түркістан облыстық мәслихатындағы партияның фракция жетекшісі Төлтебаев Мұрат Шерімұлы 1978 жылы Түркістан облысы, Төлеби ауданында дүниеге келген. 1999 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің заңгер-бакалавр мамандығын тәмамдап, еңбек жолын 2000 жылы Шымкент қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры болып бастаған. Астана қаласы прокуратурасы сот шешімінің заңдылығын қадағалау  басқармасының прокуроры, Астана қаласы прокуратурасының аға прокуроры, ОҚО  ішкі саясат басқармасы мониторинг бөлімінің бастығы, облыс  әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманы, облыс әкімінің бас инспекторы, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Қазіргі уақытта «Атамекен» корпорациясы» ЖШС директоры  лауазымында жұмыс істейді.
Сондай-ақ, өңір басшысы Саяси кеңес мәжілісінде облыстағы жол мәселесі мен атаулы әлеуметтік көмек мәселелерінің шешілуіне атсалысып, қоғамдық қабылдаудың сапасын арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар беріп, партиялық бақылау жұмысын жақсарту керек екенін атап өтті. Экс-төрағаның зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты және Елбасының партия қызметкерлерінің жасарту тапсырмасына сәйкес, жаңа төраға сайланды.
Облыстық «Nur Otan» партиялық бақылау комиссиясының төрағасы болып — Абасов Қайнар Бегалыұлы тағайындалды.  Ол 1969 жылы Түркістан облысы, Ордабасы ауданында дүниеге келген. 1993 жылы В.И.Ленин атындағы Политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолында «Қазақстан мақта компаниясы» ЖШС директоры, «Қазақстан мақта корпорациясы» ЖАҚ Вице-Президенті, «Road-Text LTD» ЖШС директоры болып жұмыс атқарған. Қазіргі таңда «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС Бас директоры қызметін атқаруда
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық
филиалының баспасөз-қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *