Кедейдің байлығы

Бір адам өзінің кедейлігіне налып, өзінің жоқшылықтан әбден жүдеп-жадағанын айтып, қамығыпты. Сонда бір парасат иесі оған:»Сенің көзіңнің көр болмай, сау болғаны жақсы ма, жүз мың теңгеңнің болғаны жақсы ма?-депті.

Ол:»Әрине, көзімнің сау болғаны жақсы, көздің көр болып, қолда ақша болғаннан не пайда?!»-депті. Әлгі кісі:»Сенің екі қол, екі аяғың кесілген болып, екі жүз мың теңгеңнің болғаны жақсы ма?»-депті.

Ол:»Жоқ»,-депті. Әлгі кісі:»Сен жынды болып, көп ақшаңның болғаны жақсы ма?»-дейді. Ол:»Жоқ»,-дейді. Сонда әлгі парасатты кісі:»Жаратқан Иең ақшадан артық денсаулық берген екен, соған шүкір демейсің бе?»-деген екен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.