Павлодарда алғашқы тұрғын зейнеткерлікке SMS арқылы шықты

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнеткерлікті проактив әдісімен рәсімдеу бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Корпорация баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған пилоттық жобаны жүзеге асыру жөніндегі бірлескен бұйрыққа ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қол қойған.

Жоба әзірге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының зейнет жасына жететін қызметкерлерін қамтиды. Бүгінде корпорацияда 22 мың қызметкер еңбек етеді.  Аталған әдісті Павлодарда бірінші болып № 2 халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Ольга Бузова қолданды. Ол орталықта ашылған күннен бастап жұмыс істейді.

— Корпорациямыз цифрлық жаңашылдықтардың үнемі басы-қасында жүреді, – дейді зейнеткер Ольга Бузова. — Бірақ дәл осы зейнеткерлікке шығу жобасының алғашқы қатысушысы боламын деп ойламаппын. Зейнет жасына жеткенде қаншама құжаттың машақаты барын білемін. Барлығы SMS-пен шешілгеніне қуаныштымын.

Зейнеткерлікке шығу барысында дәстүрлі түрде ХҚКО арқылы жасына байланысты, мемлекеттік базалық және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін тағайындау мемлекеттік қызметтері рәсімделеді. Бұдан былай халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет болмайды.  Зейнет жасына толғанға дейін 10 күн қалғанда зейнеткерлікке шығатын адамға қызметті проактивті түрде рәсімдеу үшін ұсыныс білдіретін SMS-хабарлама жолданады. Келісім берілген жағдайда «иә» деген сөзді енгізіп, жауап ретінде SMS жіберу керек.

Айта кетейік, зейнеткер жұмыс берушісінің кадр бөліміне алдын ала еңбек өтілі, зейнеткерлік жүйеге қатысуы сияқты мәліметтерді ұсынады. Бұл ақпарат еңбек келісімдерін есепке алу бірыңғай жүйесіне енгізіледі.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.