Павлодарлықтар Астананың 20 жылдығына велосипед жолын сыйлады

Павлодарлықтар тарту еткен велосипед жолының ұзындығы 11 шақырымды құрайды.

Велосипед жолы Астана күніне жеті облыс атынан, яғни Павлодар, Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Жамбыл облыстары жасаған сыйлық болып табылады. Жол Есіл өзенінің сол жағалауы, ЭКСПО құрылыстары арқылы өтіп, қала бағының шаңғы-роллерлік трассасы мен Ильинка ауылынан басталатын «жасыл белбеу» арқылы өтетін велосипед жолын байланыстырады. Жалпы ұзындығы 56 шақырым жолдың ішінен павлодарлықтар Мәңгілік Ел – Тұран – Қонаев – Достық көшелері шеңберіндегі 11 километр жолды салды. Жуырда велосипед жолы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетілді.

– Астаналықтар бұл объектілерді салуға қатысқан барлық аймақтарға риза болуы тиіс, – деді мемлекет басшысы. – Астананы бүкіл ел болып салдық, сол сияқты барлығымыз бірге қуануымыз керек.

Павлодар облысының атынан сыйға тартылған велосипед жолы демеушілердің есебінен, яғни ERG компаниясының қаражатына салынды. Берілген аймақта жаяу жүргіншілер жолы жаңартылды, велокөлікке арналған жаңа жолақтар салынды, жиектастар, пандустар, Wi-Fi-ға қосылған интеллектуалды отырғыштар, үстелдер мен басқа да шағын археологиялық пішіндер орнатылған.

Әлихан Рахметоллаұлы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *