Павлодарлықтар мен қала қонақтарын «Ұлы дала» этнофестиваліне жеткізу үшін 118 автобус жолға шығады

«Ұлы дала» фестивалі өтетін 100 киіз үйден құрылған этноауылға павлодарлықтар мен фестиваль қонақтарын шағын және орта сыйымдылықты 118 автобус тасымалдайды. Жолаушылар көліктері сағат сайын 14,5 мың, ал күніне 110 мың адамды тасымалдай алады.

Павлодар қаласының әкімі баспасөз қызметінің хабаралуынша: 3, 4 және 5 тамыз күндері «Ұлы Дала» этнофестивалі өтетін жерге № 38 (Павлодар — Ленин кенті) бағытында 20 минут жиілікпен жүретін сыйымдылығы үлкен 7 автобус жүретін болады. Сондай-ақ, теміржол вокзалының аялдамасынан этноауыл арқылы өтетін қозғалыс аралығы 5-10 минут жиілікпен жүретін 50 шағын классты «Павлодар-Ақсу» қалааралық маршруттық автобус шығады.

Сонымен бірге, 4 және 5 тамыз күндері этноауылға дейін келесі тұрақты қалалық маршруттар ұзартылады: № 2 бағыттағы (Зеленстрой шағын мөлтек ауданы – Қамзин көшесі — Лермонтов көшесі — Ак. Сәтбаев көшесі – Торайғыров көшесі – Орман зауыты) 6 бірінші классты сыйымдылығы үлкен автобустар; № 152 бағыттағы шағын классты (Дачный ауданы – Қамзин көшесі – Тәуелсіздік даңғылы – Қайырбаев көшесі – Ак.Бектұров көшесі — Торайғыров көшесі – Айманов көшесі – 1 көлік жолы – Павлодар — Астана тас жолы) қозғалыс аралығы 15 минут жиілікпен жүретін 25 шағын классты автобустар; № 153 бағыттағы (Усолка шағын ауданы – Жаяу Мұса көшесі – Тәуелсіздік даңғылы – Ломов көшесі – Катаев көшесі – Естай көшесі – Лермонтов көшесі – Торайғыров көшесі – Айманов көшесі – Лесозауыт кенті – «Павлодар — Омбы» автожолы – «Павлодар — Астана» автожолы) – қозғалыс аралығы 10 минут жиілікпен жүретін 30 шағын классты автобустармен қамтамасыз етіледі. Жолаушылар әдеттегі қала ішіндегі 80 теңгелік жолақыға 20 теңге үстеме ретінде төлеп этноауылға дейін жеет алады.

 

Әлихан Рахметоллаұлы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.