Павлодар облысында болашақ агрономдар ақылы өндірістік тәжірибеден өтеді

Красноармейка аграрлық-техникалық колледжінің студенттері өндірістік тәжірибе барысында тегін тамақпен және тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы тамыз конференциясында колледждің директоры Серік Жартыбаев айтып берді.

Ол колледжге жоғарғы оқу орнына түсе алмаған түлектер барады деген бұрыннан қалыптасқан пікірді жою керектігін айтты.

— Ұлыбританияда білім алған «Болашақ» бағдаралмасының түлегі ретінде мен Еуропадағы білім беру жүйесінің артықшылықтарымен жақсы таныспын. Еуропада кәсіби білімге көп көңіл бөлінеді. Жұмысшы мамандығына ие адамдар унвиерситет бакалаврына қарағанда жақсы табыс табады. Мұнда колледж студенті бірінші семестрден бастап, жұмыс істеп, еңбекақы алады, — деді Серік Жартыбаев.

Ол Красноармейка аграрлық-техникалық колледжінде құрылған әріптестік жүйесінің арқасында студенттер өндірістік тәжірибе барысында тегін тамақ және тұрғын үймен қатар, қомақты табысқа ие болатынын атап өтті.

— Осы жылы біздің студентердің орташа еңбекақысы 80 мың теңгені құрады. Алайда, «БИК» ШҚ, «Кызылжар Кұрылысы» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындарда тәжірибеден өткен студенттерге 150 мың теңгеге дейін айлық жалақы төленді. Жұмыс берушілер көбісі Серпін» бағдарламасы бойынша білім алатын әрі жатақханада тұратын студенттерге  тегін тамақ ұйымдастыру бойынша үлкен көмек көрсетеді, — деді колледж директоры.

Оның ақпараты бойынша осы жылы демеушілер қаражаты есебінен 97 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілді. Мысалы, «Галицкое» ЖШС 483 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсеткен. Серіктестіктің басшысы  Александр Касицын осы жылы «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алған  сегіз түлекті жұмысқа алды. Жалпы алғанда өткен оқу жылында колледжге әлеуметтік әріптестер тарапынан 15 млн теңге инвестициялар тартылды.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.