Павлодар облысында құрылысты кешіктірген мердігерлерге қатаң шара қолданылады

Павлодар облысында құрылыс жұмыстары бойынша 15 нысанды уақытылы тапсырмау қауіпі бар. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында белгілі болды.

— Мұндай жағдай тұрғын үй құрылысы бойынша қалада ғана емес, облысқа қатысты жоспарды орындауға кері әсерін тигізуі мүмкін, — дейді  облыстық құрылыс басқармасының басшысы Рүстем Райысов. – Мәселен, 2018 жылы сегіз айдың ішінде қолданысқа енгізілген тұрғын үй аумағы 105,6  мың шаршы метрді құраған.  Былтырғы жылы бұл кезеңдегі көрсеткіш – 121,7 мың шаршы метр.  Мақсатты индикатордың төмендеуіне жол бермеу үшін биыл  137 мың шаршы метр қолданысқа енгізу қажет. Осыған байланысты қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне бюджеттік қаржыға ғана емес, жеке меншік құрылысшылардың, оның ішінде ірі кәсіпорындардың есебінен  жұмысты күшейту керек.

Облыс әкімі Болат Бақауовмерзімінде нысанды тапсырмаған құрылысшыларды жауапсыз мердігер деп танып, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға жол бермеу қажет екенін атап  өтті.

Мәселен, «ДСК Монтаж» ЖШС «Сарыарқа» шағын ауданында  үш үй бойынша және Ақсу қаласындағы үйді кешіктіруде. Бұл ретте, мердігер  облыс орталығындағы үйлерді бір айға кеш тапсыруға уәде берді. Павлодар қаласындағы «Сарыарқа» шағын ауданында кестеге сай құрылысы жүргізілмей жатқан тағы бір  нысан — № 27 үй.   Құрылысқа жауапты «Артех-ПВ» ЖШС. Кәсіпорын басшылығы билікпен байланысқа шықпай отыр. Сондықтан мердігермен келісімшартты бұзу ұсынылды.

— Жұмысты уақытында тапсырмаған мердігерлерге қатысты қатаң шара қолдану қажет, — деп тапсырды Болат Бақауов. — Келесі жылы өңірдегі нысандарды тұрғызуға қатысуына жол берілмеуі тиіс.

 

Әлихан Рахметоллаұлы

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.