Павлодар облысында Ұстаздар күнін мерекелеу басталды  

Павлодар облысында «Ұлағатты ұстазым» акциясы басталды. Облыстық білім беру басқармасының хабарлауынша өңір мектептері мен колледждерінде10 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Ұстаздар күніне арнап «Ұлағатты ұстазым» акциясы өтетін болады.

— Акцияға қатысу үшін #меніңұстазымпавлодар немесе #мойучительпавлодар хэштегімен Facebook, ВКонтакте және Instagram әлеуметтік желілерінде оқушылар, мектеп түлектері сонымен қатар ата-аналар да мерекеге арналған тілектері бар бейнероликтер және суреттер жариялау қажет, — деді басқарма  мамандары.

Бұл акция осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатыр. Өткен жылы оқушылар, ата-аналар мен мектеп түлектерінің белсенділігі арқасында 1000-нан аса жарияланымдар жарық көрді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.