Павлодар облысының әкімі азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

Бұл туралы Болат Бақауов өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының кеңсесінде өтті.

— Мен ғажап адаммен таныстым. Анастасия Воропаева жұбайымен 13 бала тәрбиелеп отыр. Отағасы мен кәмелетке толған балалары жұмыс істейді, кішкентай балалары мектеп пен бала бақшаға барады. Тату отбасы Ақсу қаалсында тұрады. Анастасия отбасыға қажеттің бәрі бар екендігін айтып, тек қана тұрып жатқан үйлерінің жанынан қосымша баспана тұрғызуға көмек сұрады. Бір кездері олар кішкентай үйлеріне жапсарлас бірнеше шаршы метр қосалқы бөлме салса керек. Енді тағы да баспана мәселесі туындап тұр. Он бес адамға 70 шаршы метр үйде орналасу қиын болып тұр.  Мұндай еңбекқор әрі мейірімді адамдарға қол ұшын созуымыз қажет. Қыркүйек айында Анастасияның отбасымен жолығып, қандай көмек көрсете алатынымызды анықтайтын боламын, — деп жазды Болат Бақауов.

Облыс әкімі әріпестерімен бірге үш сағат ішінде жиырмадан астам адамды қабылдады. Олардың әрқайсысының өз бұйымтайы бар.

— Әрине, олардың көпшілігі қабылдауға тұрғын үй мәселесін шешу үшін жазылады. Кейбіреулер алименттерді өндіру және басқа да құқықтық мәселелер бойынша, кей  адамдар ата-бабасының есімін ұлықтау үшін немесе медициналық-әлеуметтік мекемеге рәсімделу жөнінде  өтініш айтады. Бүгін сұхбаттасқан жандардың ішінде маған Instagram әлеуметтік желісі арқылы хабарласқандар да болды. Лидия Анохина мүгедек баласын «Самал» оңалту орталығындағы екінші қабаттағы топтан бірінші қабатқа ауыстыруды сұрады. Ата-аналардың көпшілігі көмекке мұқтаж балаларын екінші қабатқа тасуға мәжбүр екендігін ескеріп, біз оңалту орталығында арнайы көтергіш орнату туралы шешім қабылдадық. Бұл мәселе жақын арада шешілетін болады, — деп хабарлады Болат Бақауов.

Облыс әкімі өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша әр аптаның сейсенбі күні түстен кейін қабылдайтын болады.

 

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *