Текті әулеттің тұғырлы ұлы

Бақытжан Сағынтаев – ауылда өскен, қазақ тілінің қаймағы бұзылмаған өңірдің тумасы. Үшарал деп аталатын бұл ауылдан талантты ақын апамыз Күләш Ахметова шыққан. Ал ауылды ол тұста Бақытжанның әкесі, 25 жасында Еңбек Ері атанған қарапайым қазақ жігіті Әбдір Сағынтаев басқарған.

Бақытжанның анасы – көп балалы ана. Менің риза болатыным, сол ұл-қыздардың бәрі қарапайым.

«Біздің бауырымыз Астанада, үлкен лаузамды қызметте отыр» деп біреуінің көкірек кергенін көргенім жоқ. Бәрі сыпайы, бәрі қарапайым, бәрі күліп тұрады.

Осындай ортада өскен Бақытжан лауазымды қызметте жүрсе де қарапайымдылығынан ажырамай, ана тілін ардатқап, жүрген жерінде мемлекеттік тілде сөйлеуге тырысты.

Үкімет тізгінін де жер мәселесі ушығып тұрған кезде алып, бәрін сабырмен шешті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.