Тоқал алу демографияны көтермейді

Қоғамда тоқал алу мәселесі көп талқыланып жүр. Бұл сұрақты көтерушілердің басты факторы – демографияны көтеру. Бірақ шынымен де тоқал алу демографияға әсер етеді ме? Оны елімізде заңдастыру қажет пе?

Менің ойымша айтарлықтай әсер етпейді. Әрбір ұлттың көбею стадиясы бар. Мысалы демографтардың айтуынша кез келген ұлтта жойылу қаупі туғанда «ұлттың сақталу инстинкті» іске қосылады. Мысалы ІІ дж соғыстан кейін немістер мен еврейлер дәл солай көбейіпті, яғни көпбалалы отбасылар саны басым болған. Ал 50 жыл бойы түрлі нәубеттен көз ашпаған қазақ, 1960-жылдары «беби бумер» процесін жасады. Бір отбасында тоқалсыз-ақ 7-8 бала дүниеге келіп отырды. Беби-бумер процесі әр 30 жыл сайын болады екен. 1980-жылдардың соңында болса, 2016 жылы 400 мың бала өмірге келіп тағы да беби-бумер жүзеге асты. Аллаға шүкір. Тоқалсыз!

Марқұм Мақаш Тәтімовтың айтуынша алдағы онжылдықта қазақ жылына 350-400 мыңға көбейіп отырмақ. Ал енді мына парадоксті қараңыз, көп әйелдікті қолдайтын араб мемлекеттері, атап айтсақ БАӘ, Сауд Арабиясы мен Катар, Бахрейнде бала туу көрсеткіщі  төмен. Демек тоқал алу процесі халық демографиясына айтарлықтай әсер етпейді.

Тоқал алуды қолдап, шулайтындардың көптігі Абай мен Шоқан да тоқалдан туған дейді. Келісемін, бірақ олар неге тоқалдан туған ұлыларға қарағанда бәйбішеден туған ұлылардың көптігін есепке алмайды. Кез келген Еуропа елін алып қарасаңыз, әлемді дүр сілкіндірген басшылар тоқалсыз өмірге келген ғой. Ал Хәкім Абай мен мен аққан жұлдыз Шоқанды өмірге әкелген тоқализация процесі емес, сол заманның ағымы ғана еді.Бәлкім  ең алдымен Алланың қазақтың көзін ашсын, жол сілтесін деп жіберген бұйрығы шығар.

Сондықтан аталмыш қайраткерлердің тоқалдан туу жай ғана сәйкестік деп ойлаймын. Көпшілікті тоқал алуға жетелейтін тағы бір фактор 1 жігітке 7 қыздан келеді деген нағыз жалған статистика. Ал шын мәнінде елімізде 1 жігітке 1,1 қыздан келеді. Статистиканы 7 есе асырып көрсету кеңес кезеңінен қалған жалған ақпарат қана. Күндердің бір күнінде расымен 1 жігітке 7 қыздан келсе, онда шынымен тоқал алуды заңдастыратын шығар. Бірақ ол күннің туындауы екіталай. Сондықтан бұл мәселеде ең алдымен азда болса социологияны бір оқып алған жөн шығар.

Ең соңғы уәж. Қазақ қыздары өзге ұлтқа тұрмысқа шыққанша, қазақ жігітіне шықсын дейді. Келісемін. Бірақ бұл тоқал алумен емес, үйдегі дұрыс тәрбиемен шешілетін мәселе.

Қорыта айтқанда демографияны көтеру үшін тоқал алудың қажеті жоқ. Демографияны көтеру үшін елдегі өлім көрсеткішін азайту керек. Жол апаты Сириядағы соғыс сияқты, суицид пен обырдан өлуден көш бастаймыз. Аталмыш факторлерді жақсартып, әлеуметтік жағдайды көтергенде ғана, ең алдымен баспаналы болу мәселесін реттегенде – демография көтерілмек. Сондықтан тоқал деп шуламай, шынайы демографияға кері әсер ететін факторлармен күресу керек шығар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.