Шетелдегі және елге көшіп келген ағайындарды қолдайтын қор құрылды

Қазақстанда шетелдегі және елге көшіп келген ағайындарды қолдайтын «Отандастар қоры» мемлекеттік коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды, деп хабарлайд ХАА «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі.

Биыл 13 қазанда ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің «Отандастар қоры» мемлекеттік коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» №644 қаулысына қол қойды. Құжатқа сәйкес, қоғамдастық Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтар мен шетелдік ағайындарға қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін болады. «Отандастар қоры» мемлекеттің толықтай қатысуымен құрылып отыр.

Мемлекеттік акция пакетінің  50% иелену және қолдану құқығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне берілсе, қалған жартысы — ҚР Сыртқы істер министрлігіне бекітілді.  Еске салайық, Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке шеттегі және елге көшіп келген ағайындарды қолдау үшін «Отандастар» қорын құруды тапсырған болатын.

http://www.inform.kz/kz/sheteldegi-zhane-elge-koship-kelgen-agayyndardy-koldaytyn-kor-kuryldy_a3078312

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.