Қазақтың бір жұтым суға зар болар шағы алыс емес

Ауызсу тапшылығы — ХХІ ғасырдың он жаһандық қатерінің қатарына жатады. 2025 жылға қарай бұл мәселе алдыңғы қатардан орын алуы мүмкін деп болжануда. Ресми деректерге сүйенсек, дүние жүзiндегi 1 миллиард адам iшуге жарамды суға зәру. Жыл сайын 3 миллиардтан астам адам сапасыз судың кесiрiнен пайда болатын дерттерден зардап шегедi. Бүгiнде су тапшылығы — тек орталық азиялық елдердiң ғана емес, бүкiл әлемнiң бас ауруына айналған мәселе. Ауызсу — кез келген тірі жан үшін ең қымбат және қайта қалпына келтіруге болмайтын табиғи қор. Бүгінде ауызсу тапшылығы Үндістан мен Африка сияқты көп елдердегі басты мәселелердің бірі.

 

Әлемдiк су қорының ширек бөлiгiне ие Ресей әлемдiк саясатқа мұнайы мен газы арқылы ғана емес, су сату арқылы да ықпал етуге мүдделi. Халықаралық сарапшылардың көпшiлiгi келешекте су тапшылығы қарулы қақтығыстарға әкеп соғуы мүмкiн деп қауiптенедi. Ал 2025 жылға қарай Жер шары тұрғындарының үштен екiсi су тапшылығының зардабын тартпақ. Әлемдiк су қорының ширек бөлiгiне ие Ресей әлемдiк саясатқа мұнайы мен газы арқылы ғана емес, су сату арқылы да ықпал етуге мүдделi. Халықаралық сарапшылардың көпшiлiгi келешекте су тапшылығы қарулы қақтығыстарға әкеп соғуы мүмкiн деп қауiптенедi. Ал 2025 жылға қарай Жер шары тұрғындарының үштен екiсi су тапшылығының зардабын тартпақ. Ресми деректерге сүйенсек, дүние жүзiндегi 1 миллиард адам iшуге жарамды суға зәру. Жыл сайын 3 миллиардтан астам адам сапасыз судың кесiрiнен пайда болатын дерттерден зардап шегедi. Бүгiнде су тапшылығы — тек Орталық Азия елдерінiң ғана емес, бүкiл әлемнiң бас ауруына айналған мәселе. Білікті сарапшылар қауымының пiкiрiнше, суға деген сұраныс деңгейi Жер шары халқының өсу қарқынынан асып түседi. Мәселен, 2025 жылға қарай су тапшылығының кесiрiнен әлемдiк егiс алқабының көлемi дүниежүзi қолданатын астықтың 30 пайызына дейiн қысқаратын көрiнедi. Бұл — Үндiстан мен АҚШ-та жиналатын дәндi-дақылдың жалпы көлемiне тең. БҰҰ сарапшылары алдағы 10 жыл көлемiнде әлемнiң барлық елдерiнiң экономикасы өсетiнiн, осының нәтижесiнде тамақ, жарық, жылу, киiм мен суға деген сұраныстың жоғарылайтынын алға тартуда. Судың орасан зор қоры шоғырланған мұздар да еріп, «жығылғанға — жұдырық» болуда. Мамандар ХХI ғасырдағы ең басты қиындықтардың бiрiне айналатын су мәселесi қарулы қақтығыстарға себеп болуы мүмкiн деген болжам айтады. 2025 жылға қарай Жер шары тұрғындарының үштен екi бөлiгi су тапшылығының зардабын тартады. Қазiр Жер шарының әр тұрғынына 750 текше метрден келетiн су 2050 жылға қарай 450 текше метрге дейiн азаймақ. Бұл дүниежүзi халықтарының 80 пайызы ауызсу тапшылығына ұшырайды деген сөз. БҰҰ-ның су қоры көрсеткiштерiне қатысты бекiткен талаптарына тек Канада, Ресей, Бразилия мен Еуропаның кейбiр мемлекеттерi, Оңтүстiк Америка, Оңтүстiк Азия мен Африканың тропикалық аймақтары сай болмақ.
Келешекке төнген қауiптiң алдын алуды көздеген әлем дабыл қағып, түрлi жиындар ұйымдастырудан жарысқа түсіп жатыр. Алайда, шыққан нәтиже шамалы. Өйткенi, түгесiлуге таяған су қорын тиiмдi пайдалану, ысырап етпеу сияқты маңызды мәселеге бас қатырған ажндар аз. Қытай құнарсыз жерлерiн құнарлы ету үшiн Ертiстiң суын ысырап етуiн тоқтатпаса, Қазақстан мен Ресей Қытайды 1 текше шақырым суды қанағат етуге көндiре алмай әлек. Мамандардың қауiптенетiнi, егер 1 текше шақырым судың көлемi 4 текше шақырымға дейiн өсетiн болса, бұл Қазақстан мен Ресейге керi әсер етедi. Бұл мәселенi кеңiнен қарастыруға өндiрiстiк саласы суға қатты зәру аспанасты елi мүдделi емес. БҰҰ деректерiне сүйенсек, Қазақстан су қорына қатысты ТМД елдерi арасында ең соңғы орында. Республикамыздың үштен бiр бөлiгi ауызсуға зар. Бұл қиындық суғармалы жерлерге де тән.
Ал халықаралық нарықтағы ең ірі инвестициялық банк саналатын «Goldman Sachs» банкінің сарапшылары болса, алдағы бес жылда Орта Азияда су үшін тартыс өрши түседі деген болжам айтады. Аталмыш қаржы институтының сарапшылары: «2025 жылдан бастап Орта Азия елдеріне су дағдарысы өршиді. Бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстанда да су тапшылығы орын алып, ауызсу мәселесін шешу қиын мәселе деңгейіне көтерілді. Бұған Орта Азия елдерінде өндіріс орындарының санының артуы, оларда суды пайдалану деңгейі өсетіні ықпал етеді. Осыдан барып суды үнемдеп пайдалану үрдісі туындайтынын, сондықтан алдағы уақытта Азия елдері «судың да сұрауы барын» естеріңнен шығармауы тиіс»,— дейді.
Олардың сөзінің жаны бар деген пікірге ден қойған отандық мамандар: «Алдағы бес жылда Қазақстанда су тапшылығы расымен анық сезіліп, ондай ауыл-аймақтардың көлемі артпаса, кемімейді. Себебі, ауызсу мәселесі Қазақстанда қазірдің өзінде қатты өршіп тұр. Билік елдегі ауызсу мәселесін шешуді 2002 жылы қолға алып, осы мәселені шешу үшін мемлекеттік бағдарламалар қабылдады. Әп дегенде «Ауызсу» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыс істедік. Өкінішке орай, 2002 жылдан 2010 жылға дейін созылған бағдарламаның нәтижесі қарын ашырады. Бағдарламаға 350 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген-тін. Бұдан соң «Ақ бұлақ» бағдарламасы қолға алдық. Бұл бағдарламаға жыл сайын бюджеттен 90 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінетін болды. Бірақ бұл бағдарламадан да қайран болмай, нәтижесіз аяқталды. Содан да болар, біздегі ауызсу мәселесінің басы әлі ашық күйінде қалып отыр. Статистикалық деректерге жүгінсек, Қазақстанда 150-ден астам ауыл сусыз отырған көрінеді. Су дағдарысы жайлы алып-қашты сөздердің негізі барын ескерген елдер уақытты өткізбей, бүгіннен бастап дұрыс шешімдер қабылдауға көшкен. Мысалы, Қытай елі былтырғы жылы «Суық су» деп аталатын маңызды бағдарлама қабылдап, осы бағдарламаға сәйкес, Ертістің суын үнемді пайдалануға зор мән беруге кірісті. Су тапшылығы мәселесінде қазақ жерінің трансшекаралық аймақта орналасқанын ескеру де қажет. Ертістің суы Қытаймен шекаралас жерден өтеді. Қазір Ертістің суы тым азайып кетті, бізде мұны Қытай саясатымен байланыстыратындар жетерлік. Ол негізсіз де емес, өйткені, болашақта Қытай өндіріс орындарының көлемін арттырса, ел халқының суды тұтыну көрсеткіші де арта түсері даусыз. Онда Ертіс суының Қытай жақ бөлігінің одан әрі азая түсері және рас. Сондай-ақ, Орал өңіріндегі су көздері Ресей арқылы, Арал өңіріне Сырдария арқылы, Талас өңіріне қырғыздар арқылы келетінін ескерсек, біз амалсыздан көршілеріміздің қас-қабағын бағуға мәжбүрміз»,—дейді. Қазақстандағы ауызсу тапшылығын жер-асты суларын шығару арқылы шешуге болады дейтін мамандар да бар.
Олардың пікірінше, елдегі су тапшылығы мәселесін шешу үшін жерасты суларының көздерін тауып, оны тиімді игерудің жолдарын қарастыру қажет. Бұл мәселеде ғалымдар зерттеулеріне иек артқан жөн болмақ. Мысалы, еліміздің Гидрогеология және геоэкология институтының ғалымдары 2009 жылы осы мәселені зерттеуге кіріскен болатын. Онда Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы су тапшылығы ескерілген болатын. Зерттеулер нәтижесінде аталған өңірде 420-450 метрлік тереңдікте жерасты сулары бар екені анықталған. Күні кешеге дейін Қызылорда облысы халқының Сырдың суын ішіп келгені белгілі. Бүкіл Азиялық аумақты аралап келіп Қызылордаға енетін Сыр суының лас екені бағзы заманнан бері мәлім. Өйткені, ол судың ішінде адамның ағзасына орасан зиян келтіретін улы қоқыс қалдықтар, бактериялық заттар бар. Елімізде алғаш рет жүргізілген ғалымдардың зерттеулері «су шықпайды» деген елді мекеннің өзін сумен қамтамасыз етуге болатынын дәлелдеп берді. Білікті мамандар пікіріне құлақ ассақ, болашақта ауызсу мәселесін шешетін ең бірінші бағыт — жер асты суларын шығару үшін каналдар қазу сынды. Қазақстандағы ауызсу мәселесі сол кезде ғана өз шешімін табары кәміл. Тағы да сол мамандар сөзіне сенсек, 2025 жылға дейін жер асты суларын алу мәселесі оңтайлы шешілсе, елге ауызсу дағдарысы төнбейді-мыс.

 

Ермек Назым

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.