Қазақ жастары неге шетелге кетуде

Былтырғы жылдың жеті айында елден 40 мың адам көшіп кеткен. Ішкі істер министрлігінің дерегінше оның басым бөлігі Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстарына тиесілі. Ал тұрақты мекенжайын ауыстырғандың көбі Ресей, Германия, Польша, АҚШ және Канада мемлекеттерін таңдапты. Осыншама адамның елден үдере көшуіне не себеп? Олар кімдер? Қандай мақсатпен кетіп жатыр? Статистика комитетінің дерегінше, былтыр елімізден 38 мың адам тұрғылықты мекенжайын ауыстырған. Алайда бұл көрсеткіш еселене түспек. Сарапшылардың зерттеуінше оған бірнеше себеп бар. Оның алғашқысы – жұмыс орындарының азаюы, ішкі табыс көзінің кемуі, сапалы білім беретін орталықтардың аздығы, жемқорлық пен бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуы. Тіпті әйелдердің зейнет жасының ұлғаюы да осы аталған факторлардың қатарына кіреді.

abctv.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.