ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫНЫҢ НЕШЕУІН БІЛЕСІЗ?

Қазақ даласының құпиясының көптігі халқы жан-жақты, жеті қырлы, бір сырлы болғандықтан ба? Көшпелі бола тұрып сонша ұлттық тағамға ие болғанына таңым бар. «Ас — адамның арқауы» дегендей, әр ұлттың өзіндік тағамы болады. Тіпті әр адамның жақсы көретін өзіндік арнайы тағамы да бар. Демек, біз, адамзат, кейде асқа мән бермейміз, бірақ та адал ас денсаулықтың кепілі емес пе?
Егерде мән берсек әр ұлттың өзінің туған жерінің табиғаттық ландшафтына және ауа райына қарай ас мәзірі де солай бейімделген. Осы ойларыма түрткі болған бір оқиға болды. Білмегендіктен бе, әлде надандықтан ба, бір қаракөз қандасымыз өз ұлтының тағамына тіл тигізіп, «қазақ халқында бешбармақтан басқа ұлттық тағам жоқ» деген болатын. Осы сөз жүрегіме қатты тиді. Сол күннен бастап дереу ұлттық тағамдарымызды жан-жақтан сұрастыра отыра, кітап ақтарып ұмытылып қалған тағамдарымызды жинақтап бір тізімге енгіздім. Болашақта ұрпақ үшін керек болар деген үмітпен жинақтадым. Имамдық қызмет атқара отырып кездесулерде, жиындарда осы тақырыпқа қатысты әңгіме айтылса, дереу халыққа ұлтымыздың дәстүрлі тағамдарын айтып тізбектеп жеткізетін боламын.

1. ҚАҚ
2. ТОРТА
3. ШӘУЛЕ
4. НАРЫН (Қыр)
5. БОДЫҚ
6. ҰРПАҚ
7. ТӨҢКЕРМЕ
8. ҚАРМА(Атр)
9. БӨККЕН
10. БӨРЕК
11. БІТЕУ
12. ҚАЛҚЫ
13. ҚҰЙРЫҚ БАУЫР
14. ЖИДЕ ҚҰРТ (Қост)
15. ӘСІП (Қарақ)
16. ҚАРЫН ЕТ
17. ҚАУЫН ШЕК (Түркс)
18. ҚҰЙРЫҚ ҚҰРТ (Ақт)
19. БАС ҚАРЫН
20. ӨРМЕ ТӨС
21. ШЫЖ-МЫЖ
22. БҰЖЫ (Қыт)
23. УПЕРШЕК (Қыт)
24. ҮЙІТІЛГЕН ҚОЙ ЕТІ
25. ЖАУ ЖҮРЕК
26. ЕР ТӨСТІК
27. ТУРАҒАН
28. ҚАРЫН БҮРМЕ
29. ҰША (Монг)
30. ПЕНДІР
31. ТӨП
32. ҚАРЫН САЛМА
33. СЫРБАС (Ашх)
34. КӨМПЕК
35. ЖЕНТ
36. ТҰШПАРА
37. ҚОСПА
38. ЫСТАЛҒАН ҚҰЙРЫҚ (Жамб.Обл)
39. МАЙ СӨК
40. САРЫ МАЙ
41. ҚАЙМАҚ
42. ПІСКЕН УЫЗ
43. СҮР ЕТІ
44. ЖАЯ
45. ӨРГЕН ІШЕК
46. БАЛЫҚ СОРПА
47. КӨКТАЛ (Шығ.Қаз)
48. БАЛҚАЙМАҚ (Бат .Обл)
49. САРЫШЕКЕР (Ақт.Обл)
50. ШҰЖЫҚ
51. ҚАЗЫ
52. ҚАРТА
53. СІРНЕ
54. ҚОСПА
55. КҮРІШ БОТҚАСЫ
56. ТАРЫ БОТҚАСЫ
57. БИДАЙ БОТҚАСЫ
58. БҰҚТЫРМА
59. БҰЖЫМА
60. БАҒЛАН ҚОЗЫ (Ашх)
61. БЕКІРЕ УЫЛДЫРЫҚ (Атр.Обл)
62. МАЙ СӨК
63. ОРАМА
64. КЕСПЕ СОРПА
65. ҚҰРТ СОРПА
66. ҚАТЫҚ СОРПА
67. ҚАРА СОРПА
68. АЩЫ ҚҰРТ
69. ТҮЙМЕШ
70. САЛМА
71. СҮТ САЛМА
72. ӨКПЕ-БАУЫР
73. ЖАУ БҮЙРЕК
74. ЖАЛЫ
75. БАРША
76. ҚАРЫН БӨРПЕ
77. ЖӨРГЕМ
78. ҚИМАЙ
79. ШЫРТЫЛДАҚ
80. МИ ПАЛАУ
81. ІРІМШІК
82. АҚ ІРІМШІК
83. ҚЫЗЫЛ ІРІМШІК
84. СҮЗБЕ
85. МӘНТІ
86. ҚУЫРЫЛҒАН БАЛЫҚ
87. ТҮТІНГЕ ЫСТАЛҒАН ЕТ
88. ТҮТІНГЕ ЫСТАЛҒАН ҚҰРТ
89. ҰНҒА АУДУРЫЛҒАН ЕТ (Ақт.Обл)
90. ҚЫМЫЗ НЕ АЙРАНҒА АШЫТЫЛҒАН КӘУӘП
91. ТОҢ МАЙ
92. ҚАРЫН МАЙ
93. ТАРЫ БӨКПЕ
94. ҚҰЙҚА АС
95. ҚАҚ БАЛЫҚ
96. ТҮТІНГЕ ЫСТАЛҒАН БАЛЫҚ
97. ҚАРАҚҰМЫҚ БОТҚАСЫ
98. ЖАРМА БОТҚАСЫ
99. БҮЛДІРГЕННЕН ЖАСАЛҒАН БӘЛІШ (Сол.Қаз Обл)
100. ТҰЩЫ ҚҰРТ
101. ШЫЖЫҚ
102. КҮЛГЕ ПІСІРІЛГЕН БАЛЫҚ (Орн.Обл)
103. ӨРКЕШ МАЙ
104. БӨКПЕ
105. СІРКЕ СУ
106. ҚАЙЫШ
107. ТОМЫРТҚА
108. ЖОЛЖҰМЫР
109. ЖАУЖҰМЫР(Қыт)
110. ЖАРМА
111. ҚОЛДАМА
112. СЫЛҚ ЕТЕР
113. СӨК
114. КЕЛІСӨК
115. КӨКСЕРКЕ
116. НУА
117. КӨМБЕ
118. БӨРТПЕ
119. БОРША
120. АҚ СОРПА
121. ҚАЗАҚША ЕТ
122. ЕТ ҚОСЫЛҒАН КЕСПЕ
123. ҚАРА АЛА ШЫЖЫҚ
124. ТҰЗДЫҚ
125. БҰҚПА
126. МАЛТА
127. ЕЖІГЕЙ
128. ҚАЗАҚША ПАЛАУ
129. КӨБІК
130. МАЙ ШАБАҚ
132. НАН САЛМА
133. ҚУЫРМАШ

 

ҚУЫРДАҚ АТАУЛАРЫ
134. ҚАРА ҚУЫРДАҚ
135. СОҒЫМ ҚУЫРДАҚ (Қар)
136. БАЛЫҚ ҚУЫРДАҚ (Бат.Қаз.Обл)
137. КІСЕ ҚУЫРДАҚ
138. ЖАППА ҚУЫРДАҚ
139. ШЫМ ҚУЫРДАҚ (Түркс. Обл)
140. ЖАҢҚА ҚУЫРДАҚ
141. КАРТОП ҚУЫРДАҚ (Шығ.Қаз.Обл)
142. МАНАС ҚУЫРДАҚ (Қыр)
143. ҚҰС ЕТІНЕН ЖАСАЛҒАН ҚУЫРДАҚ (Орын)
144. БАЛ ҚУЫРДАҚ

ҰЛТТЫҚ СУСЫНДАР
145. ҚЫМЫЗ
146. ШҰБАТ
147. АЙРАН
148. ШАЛАП
149. ШАЙ
150. ЖАЛБЫЗ ШАЙ (Алм об)
151. ШӘРБАТ СУ (Түркс)
152. ІРІМШІК СУЫ
153. ЖЕМІС СУ
154. ҚАТЫҚ
155. КІЛЕГЕЙ
156. ІРКІТ
157. БОРДАҚ ШАЙ (монг)
158. САРЫ МАЙ ҚОСЫЛҒАН СҮТ
159. ҚҰЙРЫҚ ҚОСЫЛҒАН СҮТ
160. КӨК ШАЙ
161. ТҰЗДЫ ШАЙ(Қыт)
162. АҒАРҒАН
163. БОЗАРҒАН
164. ТАСҚОРЫҚ
165. ТОСАП
166. САРЫСУ
167. МЕҢІРЕУ
168. БЫРШЫМА
169. АҚІРІМ
170. АҚЛАҚ
171. СҮМЕСҮТ
172. УЫЗҚАҒАНАҚ
173. СҮТ
174. ҚОРҚЫТ(Монг)
175. ТАЛҚАН ШАЙ
176. КӨПІРШІК
177. ҚОЙЫРТПАҚ

КӨЖЕ АТАУЛАРЫ
178. АРПА КӨЖЕ
179. ТАРЫ КӨЖЕ (Ақт)
180. КҮРІШ КӨЖЕ (Қыз)
181. САЛҚЫН КӨЖЕ (Қост)
182. ҚҰРТ КӨЖЕ
183. ЖҮГЕРІ КӨЖЕ
184. НУРЫЗ КӨЖЕ
185. ТОҚМАШ КӨЖЕ (Орын)
186. СҮТ КӨЖЕ
187. АШЫҒАН КӨЖЕ
188. СҮР КӨЖЕ (Бат.Қаз.Обл)
189. ҚОС КӨЖЕ
190. МӘШ КӨЖЕ (Түркс)

БИДАЙ ӨНІМДЕРІНЕН ЖАСАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР АТАУЫ
191. ҚАТТАМА (Түркс)
192. ҚАЗАН ЖАППА
193. ТАБА НАН
194. ҰРПЫ
195. БЫЛАМЫҚ
196. АТАЛА (Жамб)
197. БӘЛІШ
198. ЕТ БӘЛІШ ( Қост.Обл)
199. БАУЫРСАҚ
200. МАЙДА БАУЫРСАҚ
201. ТӘТТІ БАУЫРСАҚ
202. ПӘТІР НАН (Түркс.Обл)
203. КӨМЕШ НАН
204. ҚАТТАМА (Түркс.Обл)
205. ЖАППА САЙ
206. ТОҚАШ (Сем.Обл)
207. ҚЫТЫРЛАҚ (Ақт.Обл)
208. КЕПТІРІЛГЕН НАН
209. ПЕШ НАН (Сол.Қаз.Обл)
210. ОРАМА НАН
211. ЖҰҚПА НАН
212. ҚҰЙМАҚ
213. АЩЫ ҚҰЙМАҚ (Қос.Обл)
214. ТАРЫ ТАЛҚАНЫ
215. БИДАЙ ТАЛҚАНЫ
216. БӨКПЕ
217. МАЙ ШЕЛПЕК
218. КЕБЕК НАН
219. ҚАРА НАН
220. МАЙҚОШАН
221. ҚИЫҚША
222. БҮРКЕМЕ
223. ЖАЙМА НАН( Қарқ)
224. ҚҰЛАҚ НАН
225. АРПА НАН
226. ЖҮГЕРІ НАН.
227. КӨМПЕК

Авторлық ескерту
Ғ.Қалиев, Х.Арғынбаев, М.Әуезов, У.Джанибеков, Ә.Марғұлан, С.Мұқанов, Айып Нүсіпоқасұлы, С.Қасиманов, С.Кенжеахметұлы және басқалардың еңбектері пайдаланылды.

ШАРТТЫ ТҮРДЕ ҚЫСҚАРТЫЛЫП АЛЫНҒАН РЕСПУБЛИКА, ОБЛЫС ЖӘНЕ АУДАН АТТАРЫ
Монғ. — Монғол республикасы
Орын. — Орынбор обл.Ресей
Ашх. — Ашхабад.Түркіменстан республикасы
Қарақ. — Қарақалпақстан.Өзбекстан респ.
Астр. — Астрахан обл.Ресей
Қыт. — Қытай халық республикасы.
Атр. — Атырау обл.
Жамб. — Жамбыл обл.
Шығ.Қаз. — Шығыс Қазақстан обл.
Бат.Қаз. — Батыс Қазақстан обл.
Сол.Түс. — Солтүстік Қазақстан обл.
Түркіс.обл. — Түркістан обл.
Қызыл. — Қызылорда обл.
Алм. — Алматы обл.
Маңғ. — Маңғыстау обл.
Сем. — Семей обл.
Қост. — Қостанай обл.
Ақт. — Ақтобе обл.
Қар. — Қарағанды обл.

 

Азат Сәлімгерейұлы, Алматы қаласы, Наурызбай ауданы,
Қалқаман мешітінің найб-имамы, дінтанушы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *