Құнанбайдың қатерлі дерті

Дала дәрігері емдеп жазған, ауруынан құлан-жаза сауықтырған тарихи тұлғалардың бірі – Құнанбай қажы Өскенбайұлы. Бұдан бұрын әкесі Өскенбайды да емдеген тәуіпке риза болғандықтан, би ата өзінің туған қарындасын ұзатқан екен. 1833 жылы шешек ауруына шалдыққан аға сұлтан Құнанбайды емдеу үшін арнайы алдыртқан Ырғызбай Шыңғыстауда болады.

Ахат Шәкерімұлының «Құнанбай туралы» естелігінде Құнанбайдың шешек ауруына қалай ұшырағаны жайлы деректер келтіреді. «Құнанбайдың жарадан қалған оң жақ емшегінің астыңғы жағында алақандай беріш тартығы, оң жақ жауырынының астында бармақ басындай тыртық орны болған. Құнанбай бұдан бұрын да, бала жігіт күнінде ажалға тап болып, одан және ел болып, құдайдан тілеп алып қалады» деді арыстың ұлы Ахат.

Атағы алысқа кеткен Құнанбайды «құдайдан тілеп алып қалған» оқиғаларды белгілі поляк революционері А. Янушкевичтің жазбаларынан да оқимыз.

«Кезінде ол көрікті еркек болған. Бұдан бірнеше жыл бұрын шешек оны Мирабо секілді көрден бір-ақ шығара жаздаған, қазір оның бетінде содан қалған іздер бар. Ол көсіліп сөйлеп кеткенде, тыңдаушылар оның сиқы қашып, реңі тайған жүзін мүлде ұмытады. Қатерлі дерттің табы жерлестерінің мүсіркеп, оның жолында бәйек болғанын Құнанбайдың есіне әлсін-әлсін түсіріп отырады.

Осының өзі оның қызметі мен маңызының дәлелі. – Мен жанымды қайда қоярымды білмей жатқанымда, – деді ол маған тебірене, – адамдар күні-түні менің киіз үйімді апыр-топыр болып қоршап тұратын. Олардың көз жасы мені шыжғырып әкетіп бара жатқан отты сөндіріп, менің тірлігімді Алламнан жалбарынып сұрап алып қалды. Еуропаның білімге сусындаған елдерінің бірінде көз жұмып бара жатқан от тілді, орақ ауызды шешенді ақтық сәтте халық осылай мүсіркеп пе еді.

… Цивилизациядан кенже қалған халыққа қарағанда маңдайының соры қалыңырақ бұл халық өзіне пана болған адамның өмірін құдайдан сұрап алып қала ма, алғыс сезімі тасқындаған олар өлген адамға Пантеон орнатты» деп тамсанады еуропалық Адольф пақыр.

 

Заңғар Кәрімхан фб парақшасынан

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.