Пайғамбар медицинасы: хиджама жасату (қан алдыру)

Хиджама — қан алдыру арқылы ағзаны түрлі аурулардан емдейтін емнің ежелден келе жатқан бір түрі. Бұл емнің негізінде ағзаны арам қаннан тазартып, соның арқасында қан айналым жүйесін қалыпқа келтіру жатыр.

Хиджама — көп уақыт бойы ұмыт болып, қазіргі кезде қайта жанданып келе жатқан аурудан құтылудың қарапайым әрі нәтижелі түрі. Адам ағзасын арам қаннан тазалау көптеген ауруларды емдеуге жол ашады. Себебі қан — адам ағзасының басты элементтерінің бірі. Ол ағзадағы көптеген процесстерге қатысады: жасушаларға өттегі тасымалдау, гормондар мен қоректі заттарды тасмалдау және т.б. Қан адам денесіндегі жылу және су-тұз теңгерімін реттеу процесстеріне қатысады. Аталған үрдістер қанның атқаратын қызметінің тек кішігірім бір бөлігі.

Арам қан деген не?

Қан әрдайым қозғалыста болу керек. Көп жағдайда адам ағзасындағы қан толық циркуляцияланбай, тамырлар мен артериялар бойымен барлық қанның тек жартысы қозғалып жатады. Қанның қалған бөлігі резервте сақталып, қан кету, гипоксия, интенсивті жұмыс және т.б. сияқты жедел жағдайларға жұмсалады. Қозғалыссыз тұрған қан ескіре бастайды: өз қасиетін жоғалтады, ағзаға түскен зиян нәрселерді жинайды. Бұндай тұрып қалған қан кесірінен ағзадағы әр мүше өз жұмысын қажетті дәрежеде атқара алмайды.

Хиджама — бұл ағзада тұрып қалған арам қаннан құтылудың тәселі. Бұл ағзаға айтарлықтай пайда әкелетіні даусыз.

Хиджаманың құпиясы мен негізі неде?

Ағзаны қанның бір бөлігінен босатудың нәтижесінде, оның ішкі резервті-қалыпқа келтіру фунциясы қосылып, ағзада жаңа қан бөліне бастайды. Жаңа қан ағзаны жаңартып, көптеген аурулардан емдейді.

Хиджама ағзан дәрі қабылдамай, өзінің ішкі ресурстарымен емдейтін ем. Медициналық сүлікпен емдеу де хиджама болып табылады.

Хиджама ислам мемлекеттерінде кеңінен қолданылатыны белгілі. Алайда, соңғы жылдары қан алдыру батыс елдерінде де кең қанат жайып келе жатыр. Голливуд жұлдыздары мен олимпияда спорт шеберлерінің арасында хиджама көмегіне жүгінген адамдар аз емес.
— Хиджама келесі ауруларды емдеуге көмектеседі: туберкулез, простатит,бедеулік, арқа ауруы, қалыпсыз қан қысымы, бас аурулары, иммунитеттің төмендеуі, тамырлардың тарылуы, мойын және иық аурулары, геморрой, бұлшықет аурулары, ревматизм, паралич, жүрек аурулары, буын аурулары сияқты диагнозбен келген науқастарға жасаған ем-шара нәтижелі болды.

Қыдырбаева Салтанат, 1968 жылы туылған. Осы салада мол тəжрибе жинақтаған қолы шипалы жан.Ол кісінің алдынан  созылмалы науқасқа ұшыраған көптеген жан дертіне ем қонып нəтижелі көрсеткіштерге жетіп жатыр.

Псориаз, инсульт, радикулит, остеохондроз, бедеулік, іш құрылысы аурулары, гипертония тб көптеген науқас түрлері нəтижелі ем алып сауығып кетті.
Жасалынатын ем-шара кəсіби деңгейде барлық талаптарға сай жүргізіледі. Ем қабылдауға ниет білдіргендер  мына төмендегі байланыс телефонымен хабарласуға болады:
87478393841, 87058740440