Ақтөбеде алғаш рет  триатлоннан    ҚР Чемпионаты өтуде

Сенбі, 22-маусым күні «Тұңғыш Президент» атындағы саябақта
Триатлоннан  ҚР Чемпионаты мен ҚР Кубогі  ІІІ-ші кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қаланың 150 жылдығына орай  ұйымдастырылған спорттық шарада   облыс әкімі Оңдасын Оразалин көпшілікті республикалық сайыстың  ашылуымен құттықтады.
«Қазақстан Триатлон Федерациясына осы чемпионатты Ақтөбе жерінде өткізуге мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз,облыс әкімі ретінде, тұрғындардың салауатты өмір салтын таңдайтындары мені қуантады. Баршаңызды жарыстың ашылуымен құттықтаймын»,-деді аймақ басшысы.
Республикалық жарыс 22-23 маусым аралығында өтеді. Алғашқы  күні  кәсіпқойлар өзара бақ сынаса, жарыстың екінші күні әуесқойлар арасында өткізіледі. Триатлоннан Қазақстан Республикасы Чемпионаты аясында Elite және U17 санатындағы (кәсіпқой) спортшылар «супер-спринт» қашықтықтығын бағындырса,  дистанция үш кезеңнен құралатын болады
300 м жүзу + 8 шақырым веложарыс + 2 шақырымда жүгіру.
Триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогі ІІІ кезеңінің аясында Elite және санатындағы (кәсіпқой) спортшылар «стандарт» қашықтықтығында бақ сынайтын болады. Дистанция үш кезеңнен құралады:
1500 м жүзу + 40 км веложарыс + 10 шақырымда  жүгіреді.
Триатлоннан «TEMIRADAM» Кубогінің V кезеңі – қалың бұқараға триатлон мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Age Group санатындағы (әуесқойлар) арасында  өткізіледі. «Спринтерлік» қашықтықтағы әуесқойлар додасы үш кезеңнен құралып, олар 750 м жүзу + 20 шақырым  веложарыс + 5 шақырым жүгіріп өтеді.
Триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі.
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі