Ал қорқаулар малымызды да жанымызды да талаааааап жатыыр….

Кеше бір қариядан естіген әңгімем маған қатты әсер етті. Соны достармен бөліскім келіп отыр. Кезінде совет өкіметі келіп жатқан тұс болса керек. Қазіргі Қаратаудың етегіндегі бүгінгі Абай-Бабай ауылы маңында болған оқиға екен.
Бір байдың мыңғырған малы, екі төбеті болыпты.
Екі төбеті аймақтың басқа иттерін қан қақсатып,бүкіл ит атаулыда тең келер сабалақ табылмапты, екеуінің мықты деген аты шығып, елдің аузында аңызға айналыпты.
Сол төбеттердің бірін бай үйіне келген бойда төрде ілулі тұрған мылтықты ала сала атып тастайды.Екіншісін де атқалы мылтықты оқтап жатқанда қатыны, бала-шағасы бәрі жабылып, екінші төбетті аттырмай аман алып қалады. Сондағы, байдың ашуына тиген оқиға былай болыпты…
Сол күні бай бір қырдың басында қойларын бағып, алыстан қарап тұрса, ана қырдың астынан бір шаң шығады. Сол ақ екен соңына ілесіп жүрген екі төбеті байдың атының бауырына кіріп қыңсылап жата қалады. Байқап қараса, жаңағы шаңның артында, бір көкжал қасқыр бұларға тіке беттеп, қарсы шауып келеді екен.

Содан екі төбет ығып тығылып қалады. Бірақ көкжал қасқыр аттылы байдың қасынан жан ұшыра өте шығады. Сөйтсе артында оны жаналқымға алып, бір дүрек (тазы мен төбеттен туған) тазы қуып келеді екен. Ал әлгі байдың екі төбеті сол қасқырдан қорқып, кіретін ін таппай, ат сауырына тығылғанмен, артында қуып келе жатқан дүректі жабылып талай бастайды. Қасқыр құтылып ол кетеді. Ал дүрек сол жерде екі төбеттің шеңгелді тырғанында қалып, азулы төбеттер екі аяғын шайнап, қан жоса қылып өлтіреді..
Байдың арашасына да пысқырмайды.

Бізде де небір ит-құсқа, қорқауларға қарсы тұрар дүректер (жігіттер) бар…
Ел қорыған…
Бірақ, соларды бағалай алмай ішіміздегі иттерге талатып қойып қарап тұрамыз…
Ал қорқаулар малымызды да жанымызды да талаааааап жатыыр….
(C)Dosay Kenjetay