Алла Пугачева түсінде Ержан Максимнің әлем жұлдызы болатынын көрген

Ержан Максим өзін қолдаған барша жанға алғысын айтты.

«Желіде көп жанкүйерлерім жазып жатыр. Бірі екінші орынның өзін үлкен дәреже десе, бірі мені жеңімпаз деп санайтындарын айтты. Енді бірі менің 1-орынға лайық болғанымды атады. Осы қолдау көрсеткен брша жанға рахметімді айтам», — дейді әнші бала.

Ержан Алла Пугачевамен кездесу кезінде не туралы әңгімелескендерін айтты.

«Ол кісі мені түсінде көріпті. Түсінде әлемге танылған жұлдыз болыппын. Роберт Багратянның өзінің тобы болатынын, Нино Чеснердің актриса болатынын, Настя Иванованың әнші болатынын көрген екен. Өмірде осының шындыққа айналуына тілек білдірді», — дейді жас әнші.