Notice: Constant WP_DEBUG already defined in /var/www/www-root/data/www/minialgo.kz/wp-config.php on line 52
Атақты сынықшы туралы жаңа кітап жарыққа шықты. — «ЕлАна» әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты

Атақты сынықшы туралы жаңа кітап жарыққа шықты.

Жуырда Алматыда­ғы «Нұрлы Әлем» бас­­пасынан белгі­лі ақын, журналист-жазушы Темір Мыңжастың «Қанатбай сынық­­­шы» атты жаңа кітабы жарыққа шықты. «Бұл кітапқа бар са­­на­­­­лы ғұ­мы­­­рын халқына қыз­­мет етуге ар­наған қа­сиетті сы­нық­­­шы, халық емшісі, діни сауатты молда, көріпкел Қанатбай Боқай­ұлының өмір жо­лы ар­­қау болған. Кітап авторы Т.Мың­жас көзі тірісінде-ақ аңыз­ға айналып, атағы бүкіл Түрік­менс­­тан мен Маңғыстауға, бас­­қа да шет аймақтарға жа­йыл­­­ған, мәшһүр тұлға – Қанат­бай абыз-ата жайындағы өз тол­­ғам­­дарымен қатар оның ете­­не жақын тумаластары мен көзкөрген жандар­­­дың ес­­те­­ліктерін бір арнаға то­ғыс­­­­ты­рып, ғұмырнама­лық ту­­ын­­дыға ай­нал­­дырған»,– де­­лінген кі­тап­­тың қысқа андат­­пасында.

Айт­са айт­­­қандай, есі­­­мі «Маң­­­­ғыстау эн­­­цик­­­­­­­­­­­лопе­­диясына» еніп, Жаңа­­өзен қа­­ла­­сын­да кө­ше аты бе­­­рілген Қанате­­кең жө­­нін­­де мерзімді ба­­­­­с­ы­лым­дарда ма­­­­­қа­­­л­­а, өлең ғана жарияланып кел­ген болса, енді, міне, көп­­­шілік қауымға арналған дерек­ті кітап жа­рық­қа шық­­­ты. Автордың ай­­­туы бо­­­йын­ша, өлке­міз­ден шық­­қан, ел қадірлеген сы­нық­шы Қа­нат­­бай атаның есі­мі мен қызметі есте қал­ды­ру ба­ғы­тындағы ізгі істер жалғаса бер­мек. Әсем безендіріліп, түрлі түсті суреттермен көркем­дел­ген, жүз елу беттік кі­тап­­­тың алғашқы таралымы– 500 дана. Мұрат ЖЕТЕКБАЙ

mangystaumedia.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *