АТА ЗАҢДАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚ – ПЕДОФИЛДЕРДІ ҚҰТЫРТЫП ОТЫР!

Қазақ баласының таным — түсінігінде болмаған, сөздік қорына да енбеген «педофил» деген атауға да құлақ үйреніп барады. Неткен өкініш! Неткен қайғы! Арсыздықтың бұдан асқан түрі болмас, сірә да. Баяғыда адам баласы естімеген сұмдықтарды «мал құлағы саңырау» деп қоя салатын қазақ едік. Енді ғаламды – ғаламтор шырмап алғалы, әлемді кезіп жүрген педофилдік дерт еліміз бен жерімізді қорғайтын азаматтарға «жұғысты» болып тұр. Мыңның емес бірдің сөзі өтімдірек мына заманда, аюдай ақырған мемлекеттердің өзі педофилді заң арқылы тұншықтыруға әлсіздік танытып жүр. Оған себеп гуманисттік пайым – парық. Әлемдік жүйеге тастай жабысып алған Қазақ мемлекеті де «Күштінің құйрығы диірмен тартатынын» мойындағалы қашан! Әйтпесе жеті атасы естімеген, жетпіс бабасы түсінде көрмеген педофилдік азғындыққа жол берер ме еді?

ПЕДОФИЛ ДЕГЕН СҰМЫРАЙ ҚАЙДАН КЕЛГЕН?

Сәуле Мешітбайқызы

Педофил сырқат па, құмарлық па? Оған да берілген нақты диагноз болмай тұр? Алайда педофил деген ауру дейтіндер көп! Былайша айтқанда өмірде өз орнына қалана алмаған жаман кірпіш! Мектепте де, өз ортасында да беделі кеткен адам! Өзінің жаман қылықтарымен шеттетіліп «адамзат» дәрежесінен сызылған тірі өлік! Оның қоршаған орта мен қоғамға тигізер зияны өте зор! Миы ауытқыған ондай ауру адамдарды қоғамнан оқшаулап алшақ ұстау керек! Ғалымдардың зерттеуі бойынша педофилдер тұйық келеді, жалғыз-жарым жүреді, көпшілік ортаны жақтырмайды. Зымиян ойларын ішіне мықты сақтайды. Жоспар құрумен жүреді. Сол зымияндығын пайдаланып кететін уақыт пен мүмкіндікті үнемі күтумен жүреді. Және сол жымысқылығын орындамай олардың көңілдері көншімейді. Педофилдің санасы ешуақытта өзгермейді, оларды емдеу бекершілік, оны тек көр түзейді! Педофилдің іс-әрекеті хайуаннан төмен дәрежеде болады. Олар үшін жас-шекара, туыстық қатынас, еркек-ұрғашы, нәсіл секілді нәрселер жат! Көзі қарауытқан күнәһәр діттеген мүддесіне жетуді ғана мақсат тұтады. Қазақстанда оларды өлім жазасына кесуге немесе мүшесін кесіп тастауға рұқсат жоқ! Демек, бар болғаны соттайды, ал олар жазасын өтеп кеп бостандыққа қайта оралғасын әуелгі ауруын қайта жалғастырады. Себебі, олар айықпас дерт, сауықпас кесел! Ендігі оның тырнағына кім ілінері, ендігі жемтігі кім болары белгісіз. Олар ең қауіпті адамдар санатында. Мұндай қоғам дертімен ел-халық болып күресу қажет!
Жүрегі шайлыққан жұрт баласын үйден шығаруға қорықса, әлеуметтік желі деген даңғаза пәле жамандықты жарыса жарнамалап әлек. Күнде болмаса да аптасына бір рет педофилдердің зұлымдық істері әр өңірден жалт етеді. «Тас түскен жеріне ауыр» демекші, ауыл-үйді шулатқан, сенсация құмар сайттарды тулатқан жамандық іс тез ұмытылып, қасіреттің уын ішкен отбасы ғана зар жылап қалып жатыр. Бұл тұрғыда Ата заңның солқылдақтығы да өз дегенін жасауда. Әйтпесе елдің үрейін ұшыратын педофилмен айқас мұншалықты ұзаққа созылмауы керек еді… «Аюға намаз үйреткен таяқ» екенін билік бишігін ұстап отырғандардың білетін кезі әлдеқашан жетті емес пе? Бұл неткен бітпейтін жайбасар тірлік?! Ұлт болашағын ойласақ педофилдерге жазаны күшейтетін уақыт келді. Мұны Үкімет пен Парламент күн тәртібіне қойып, Ата заңға өзгеріс енгізбесе құр айқай-шудан түк пайда жоқ. Негізі баланы аямағанды заң да аямауы керек деп ойлаймын өз басым.
Есіріткіге тәуелді ұрпақ, жезөкше қыз, арақ-шарапқа санасы уланған жас елімізде көбейіп барады. Қатігез нарық қоғамы – білгенін жасап жатыр. Біреу есірткі саудалауға жеңіл пайда үшін барса, енді бірі қыспаққа салған тірліктің құрсауынан шығу үшін амалсыздық құрбаны. Арын сатқан қыздардың да көксегені ақша деседі. Ұлт-болашағы қыз деген бабалар даналығына сүйенсек, келешегіміз бұлыңғыр емей немене? Көптеген қылмыстың ошағы саналатын арақ-шарап бюджет қалтасын қампайтып тұрғаны үшін бағалы көрінеді — мыс. Жердің асты мен үсті байлыққа бөгіп тұр дейді бізге жеткен мәліметте. Онда адалдан емес арамнан тапқан пайдамен көгереміз деу ақылға сия ма? «Қайда барсақ та Қорқыттың көрі» деген осы шығар, бәлкім? «Бұлардан қалай құтыламыз» деп бас қатырып жатқанда, «арық атқа қамшы ауыр» болып педофиль деген атам қазақ естімеген бір сұмпайы төбе көрсетті. Ұл демейді, қыз демейді ол жауыздар. Нәпсінің нағыз құлы!

ЖАМБЫЛДАҒЫ ОҚИҒА…

ТАЛАЙ ШЕНДІЛЕРДІҢ  «ОБАЛЫНА» ҚАЛДЫ

Жамбыл облысында іс-сапармен жүріп он екі жастағы оқушы қыздың мектепте зорлық-зомбылыққа тап болғанын естіп жағамды ұстадым. Естуімше, мектепте тек бір әжетхана бар және ол жиі жабық тұрады екен. Сол себептен оқушыларға даладағы әжетханаға баруға тура келеді. Ал оған кез келген адам кіре алады. Сырттағы әжетханаға жетінші сынып оқушысы да барған. География пәнінен сұранып барған ол педофилге тап болыпты. Кейін оқушы қыз болған жағдайды сынып жетекшісіне хабарлаған. Екі сағаттан соң азғындық жасаған тұрғын ұсталған. Оқушы қыз оны бірден таныған.
Мектеп аумағы бейнебақылау камераларымен жабдық-талған екен. Қылмыскер видеоға түсіп қалса да, бұл жайт оған балаға азғындық жасауға еш кедергі келтірмепті.
Осы оқиға жайлы белгілі болған соң ата-аналар мектеп әжетханасының дұрыс жұмыс істемегені және бөтен адамға ешкім назар аудармағаны үшін мектеп басшылығын жазалауды талап еткен. Кейін ұсталған адамның бұрын ұрлық үшін істі болған 38 жастағы тұрғын екені анықталды.
Сол-ақ екен Тараз өңіріндегі барлық жауапты қызметкерлерді, келгеніне 6 ай толмаған қаланың әкімінен бастап топырлатып жұмыстан алып жатыр. Иә, оларды жауапкершілікке тарту керек шығар, бірақ, түгел орындарынан алып тастаса да бұл нақты шешім болмақ емес. Неге сыңар жақ пікірге үйірміз? Енді қала əкімі ауысса , бəрі керемет боп не педофил «қой, ұят болды енді бұл ісімді қояйын, әйтпесе жаңа келген қала əкімінен ұят болар» – деп əрекетін тыя ма? Бұл не? Бірдеңе болса, тек жаппай орнынан алу, дұрыс жауапкершілігін арттыру керек шығар, десек те, тым асыра сілтеп жіберген жоқпыз ба? Қылмысты жасап отырған адам емес, қазір оның айналасындағы адамдар қылмыскер сияқты боп кетті? Тіпті облыс әкімі Мырзахметовті орнынан алу керек деген айқайшыларға не дерсің? Ауыз өзімдікі деп оң-солды жайпай беру кімге пайдалы? Негізі бұл дұрыс шешім емес! Бәрін түгел алып тастасақ та бұл тиылмайды. Заң өзгеру керек! Басшы болса облыстың əкімі Асқар Исабекұлындай – ақ болсын..! Қандай игі істерге мұрындық болып жүр. Анау кетсін, мынау кетсін деп күйе жағу, ділмәрсіп ақыл айту бәрінен оңай..! Былтырғы кішкентай қызға білгенін істеп өртегенде, заңға қатал баптар енгізіп, тура педофилге ату жазасын беру керек еді. Міне, солқылдақ заңның нəтижесі..! Егер бұлай кете берсе, бұдан да өткен сорақылықтар орын ала ма деп қорқамын. Қыз баланың тағдыры мені де күйзелтіп отыр, бірақ қылмыскерге берілетін жаза көңілімді көншітпейді…
Ал мен үшін ең сорақысы, қазақ еліндегі, шалғай елді мекендердегі мектептердің бәрінде болмаса да көпшілігінде әжетхана мектеп сыртында орналасқан. Бұл кешегі кеңестік жүйеден қалған сарқыншақ мектептерге тән нәрсе. Ал жаңа салынған мектептердің көпшілігі оқушыларды мектеп әжетханасынан көрі, даладағы әжетханаға жібергенді жөн көреді. Ең бастысы мектеп іші таза болса, әжетхана жұмыс істеп тұрса болды.
Әлеуметтік желіде «Дамыған 50 елден басып озып, дамыған отыз елдің қатарына енеміз деп айтудан жалықпайтын билік енді не айтар екен, мектептеріне дұрыс әжетхана салып бере алмай отырып. Әлде оның да ақшасын жеп алды ма екен» деп табалап жатқандарға не дейміз?.
Тіпті бір фейсбук желісін қолданушы «Атырау облысы аудандарының көбінде туалет далада, 1-4 сынып оқушылары да сонда барады қысы-жазы, оны тексеріп жатқан ешкім жоқ, іштегі бар туалет не су жоқ, не кәріз жүйесі істен шыққан, тексеруге келгендердің аузын майлап жібереді директорлар» деп күйініп отырғанын көрдік. Өзге өңірлер жетісіп отыр ма?
21 ғасырда педофил деген жұқпалы ауру болып кетті, осының бәрі шара қолданбағанның кесірі ондайлар ұсталғанда халықтың көзінше аямастан қатаң жазалау керектігі туындап тұр. Педофилдердің арамзалығын, сұмдық істерін ата-аналар естіп отырса да, кішкентай балаларын мектепке жалғыз жібереді, кей балалар домофон аша алмай қараусыз далада жүреді.

ҚҰРБАНДАР ӨСУДЕ,  АЛ ЖАЗА ҚАНДАЙ?

Кезінде азғындардың жазасын күшейту туралы мәселе біраз қозғалды, әлі де күн тәртібінен түскен емес. Қоғамдық ұйымдар мен жекелеген азаматтар құзырлы органдарға арнайы ұсыныстар да тастады. Бірақ қоғамнан буырқанып шыққан бұл мәселе Парламент табалдырығынан аса алмаған еді. Сенатта Бала құқығы туралы заң жобасын талқылау барысында бірнеше депутат педофилдерге ең ауыр жазаны (өлім жазасы мен әтек қылу) қолдануды әрі педофилдерді өмір бойына балалармен жұмыс істеу құқығынан айыру туралы ұсыныс тастады. Алайда ол қолдау таппады. Бүгінгі экс-сенатор Светлана Жалмағамбетова бастаған бір топ депутат заң жобасын кері қайтарған болатын. Айтуларынша, бұл адамшылыққа жатпайды. «Педофилге кесілетін 20 жылдың өзі аз емес. Бұл – Қылмыстық кодекстегі баптардың ең қаталы. Біз зайырлы мемлекетпіз!»,– деген олар. Сол тартыстан кейін де, арсыздар талай сәбидің өмірін қор қылды.
10-15 жылға отырғызу педофилге жаза болып жарытпайтыны даусыз. Ал шет елде ондайларды ешкім басынан сипамайды. Жұрт көзінше дарға асып, ату жазасына кеседі химиялық жолмен «әтек» қылады. Францияда құрықталған педофилдерге өмір бойы бас бостандығынан айыру және «әтек» қылу жазасының бірі беріледі. Ұлыбритания мен Польшада осындай. АҚШ-та 25 жылдан жоғары тіпті өмір бойы бас бостандығынан айырылады екен. Жазасын өтеп шыққан қылмыскер өмір бойы электрондық құрылғы тағып жүрсе, кей мемлекеттерде ондайлар мектеп, балабақша секілді балалар жиналған орындардың маңайынан да жүргізбейді. Ал Ресейде педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру және химиялық жолмен мәжбүрлі түрде еркектік мүшесінен айыру туралы заң жобасы мақұлданыпты. Бір кездері экс-президент Дмитрий Медведевтің бастамасымен өмірге келген заң жобасы негізінде Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне тұңғыш рет «педофил» термині енгізілді. Бұнымен тынбай орыстар «заң әлі жетілдірілуі» тиіс деп отыр. «Балалар құқын қорғайтын заң әлі де әлсіз. Шамамен Ауғанстан, Мали және Ангола елдеріндегі заңдармен деңгейлес болуы тиіс», – дейді Ресей президенті жанындағы балалар құқы бойынша өкілетті өкілі Павел Астахов.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінше, педофилдердің 94 пайызын еркектер құрайды, ал құрбандықтарының 70-75 пайызы кәмелеттік жасқа толмаған қыздар болса, 15-30 пайызы ер балалардан тұрады екен. Медициналық түсінікке салып қарайтын болсақ, педофилия – айықпас дерт. Ал моральдық тұрғыдан келгенде азғындық. Оны ауру деп мүсіркеуге де жатпайтын секілді. Соттап, мың жерден тәрбиелегенмен – түзелмейді. Турасын айтқанда, адам болмайды. Ертең түрмеден босап шыққан соң да, сол қылығын аңсап тұрмасына кім кепіл. Ресей сарапшылары балаларға қарсы жыныстық зорлық-зомбылық жасап сотталғандардың 90 пайызы қайта зорлық жасайтынын айтуда.
Елімізде де педофилизмге қатысты сең қозғалғаны байқалады. Бірақ өте баяу іске асуда… Бәлкім осы оқиғадан кейін сең қозғалар….
Өзін «Уполномоченный по правам ребенка в Казахстане» деп таныстыратын Аружан Саинның фб-да жазған мына сөздерінің бәріне бірдей келіспесем де, кейбір өткір ойларына риза болдым. Аудармастан, бір сөзін өзгертпестен беріп отырмын.
«Депутаты Мажилиса, среди вас есть те, кто сидит в парламенте лет 10. Прочитайте о детских домах. Прочитайте BBC, пока вы там заседаете, система калечит детей. Насилует. Морально. Физически. Сексуально.
Это все – правда. Расписана в уголовных делах, в решениях судов о пострадавших детях Казахстана. Дети должны быть защищены! В первую очередь – ЗАКОНОМ.
Мы, к некоторым депутатам обращались за помощью, когда шли дела о систематическом насилии детей в детдоме Алматы, и наказании тех, кто покрывал педофила 23 года проработавшего в детдоме Семея. Но, что-то не нашлось защитников для детей!
Зато вокруг да около, нашлись защитники педофилов! Видимо, «часть неподкупных депутатов», о которых упоминают в лживых статейках, появляющихся, когда возникает угроза системе детдомов, заняты важными делами по сохранению «государственного» финансирования этой системы?
Вы думаете, что распространяя ложь, про то, что я якобы, проталкиваю закон легализующий «мой бизнес» по усыновлению детей иностранцами, вы обманете народ? Это ВЫ легализовали усыновление наших детей иностранцами много лет назад, именно ВЫ приняли эти законы, и сейчас за усыновление иностранцы платят 38500 евро, по системе «все включено». А права детей на жизнь в наших семьях, и помощь нашим казахстанским усыновителям вы как-то «нечаянно забыли» законодательно прописать?
Сегодня в мажилисе пытаются убрать из обсуждения законы по защите прав детей без попечения родителей, это вообще нормально? Почему никто из депутатов не выскажется в адрес «неподкупных» коллег?
14 лет мы – народ, НПО, бизнесмены — пытаемся изменить систему.
Но находятся защитники насильников, продажные «активисты блогеры» и даже, так называемые «общественники», находятся и равнодушные «должностные лица», которые «не хотят портить отношения с коллегами», «мало ли как завтра повернется»…
Мы давно могли бы закрыть детские дома! На должность уполномоченного я пришла не «дружить, делать карьеру, бизнес». Я хочу изменить жизнь детей в стране к лучшему, и нас — нормальных, порядочных людей ОЧЕНЬ МНОГО, и мы ждем реальных действий!!!».
Өкінішке орай педофилге қазір жеңіл жаза беріледі. Тауық ұрлағандардың бес жылға сотталып кеткенін естігенбіз. Оны он орап, адам ғұмырын тас-талқан еткен педофильге 15 жыл деген не тәйірі. Ал «Өлім жазасы керек» немесе «керегі жоқ» деген мәселеге келгенде «осы дұрыс-ау» деп, әділ шешімді тап басып айту өте қиын. Өйткені, әлемде де дәл осы мәселе төңірегіндегі пікірлер ертеректен талқыланып келе жатқанын білеміз. Оған атақты ғалымдар, белгілі үлкен ғұлама азаматтар да қатысып, бір шешімге келіп, халықты сендіретін мысал, көңіл толарлықтай дәлел келтіре алмаған. Өлім жазасын қолдануды жақтайтындардың айтатындары – қылмыскерді ату, ол әділетті шара, басқа қылмыскерлерге тосқауыл болатындай ескертпе. Оның үстіне, адам өлтірген, оның ішінде әйелге, балаларға зұлымдық жасаған қылмыскер, барлық қасиеттен айырылған, өмір сүруге құқы жоқ жауыз, оған мемлекеттің қаржысын жұмсап, қамауда ұстау ретсіз шығын дейді. Ал, бұл жазаға қарсы болатындар – адамды Құдай жаратқан, сол себептен, ол тәңірдің ісі, ал, егер, ол жауыздықпен адам өлтірсе, мемлекет те оны өлтіріп, сол қылмыс жасаған адамға ұқсамауы керек. Оның үстіне, дүниежүзілік тәжірибе өлім жазасы арқылы ауыр қылмыстың санын азайта алмағанын көрсеткен. Сондай-ақ, өлім жазасын осы күнге дейін сақтап, қолдап жүрген мемлекеттің саясаткерлері «өлім жазасы лаңкестікке қарсы күрестің тиімді тәсілі, ең күшті дәлелдерінің бірі» деген тұжырым жасайды. Ал, әлемдік тәжірибеге сүйенсек, өлім жазасы терроризмнің алдын алып, қауіпсіздікті төмендет-пек тұр¬мақ, керісінше, лаңкестердің беделін арттырып, оның идеясын қолдап, дәрежесін көтеруге тигізер әсері зор деп белгіленуде. Өлім жазасы қылмыстың алдын алуға немесе қылмысты төмендетуге ықпал ете алмайды. БҰҰ-ға мүше елдер өлім жазасына мораторий жариялағанда әлемнің 54 мемлекеті қарсы болған. Өйткені, өлім жазасы адамның ар-намысын қорлайтын жазаның қатыгез түрі болып табылады. Ол адамның өмір сүру құқығын аяқ асты етіп, жазаға тартылған адам кінәсіз болған жағдайда, оны қайта түзеуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан да, әлемдегі көптеген елдер жазаның бұл түрін ұлттық заңнамаларынан алып тастауда. Өлім жазасының балама түрі ретінде бас бостандығынан айыру жазасын енгізген елдердің ішінде Хорватияда – 40 жылға бас бостандығынан айыру белгіленсе, Латвияда – 50 жыл, Швеция мен Болгарияда өмірлік қамауға алынады екен. Ал, Данияда ең жоғарысы – 20 жыл, Эстонияда – 30 жыл, Финляндияда – 10 жыл мен 15 жылдың аралығы көрсетілген.

ӨЛІМ ЖАЗАСЫНА  МОРАТОРЙДЕН НЕ ҰТТЫҚ?

Түрмедегі қатал жазаланған қылмыскерге де мемлекет күніне 4 мың теңгеге жуық қаржы жұмсайтын көрінеді. Ауыр қылмыстарды тежейтін тегеурінді тетік ретінде өлім жазасын пайдалануға болатынын айтатындар қылмыскерді 15-20 жылға, одан қалды өмір бойына соттап, сосын, оны біздің салық төлеушілердің, бюджеттің есебінен асыраудың өзіне ойлану керектігін алға тартады. Осы орайда, бас бостандығынан айырылған азаматтардың біреуін жыл бойы түрмеде ұстауға жылына еліміз қазынадан 580 мың теңге жұмсағанын ресми түрде жарияланғанын да айта кеткен дұрыс. Ал біз сөз етіп отырған педофилге де осы «құрмет» көрсетілмек. Оларды химиялық жолмен піштіру деген аса ауыр жазаға жатпайды дейді сарапшылар.
Иә, 2003 жылдан бері елімізде өлім жазасына мораторий жасалды. Ендеше «сол моратория бізге не берді?» деген сұрақ алдымыздан күнде дікеңдеп шығатын болды. Біздің білуімізше ату жазасы тек террористерге, содан кейін тұңғыш елбасына қауіп төндіргендерге ғана берілмек екен. Сонда біздің балғын қыздарымыздың өміріне балта шауып, оны өсіріп баққан ата-анасының жүрегіне пышақ сұққан педофилге өлім жазасының жүрмейтіні қалай? Адам ғұмырын ойыншық еткен нәпсінің құлы, қара ниет жауызға басқа қандай жаза лайық?
Мен еланасы ретінде, небір сұмдықтардың куәгері ретінде, барша аналардың атынан педофилдерге ең қатаң жаза– ату жазасын беруді талап етемін. Өйткені адамшылықтан аттаған, хайуанның өзі батпаған зұлымдыққа баратын педофилдерге ең әділ жаза сол ғана. Әйтпесе, жауыннан кейін қаптаған саңырауқұлақтай бұл сорақылық істердің жалғасын таба береріне еш күмәнім жоқ.
Кейбір елдерде педофилдерге өте ауыр жаза беріледі. Мәселен, Қытайда педофилдің баланы зорланғаны дәлелденсе, бірден өлім жазасына кеседі. Сондай-ақ сот шешімімен физикалық кастрация жазасы да белгіленуі мүмкін. Иранда дарға асу немесе ату жазасы арқылы жұрт алдында өлім жазасына кесіледі. Солтүстік Кореяда педофилді өз құрбаны өлтіреді: кінәліге ату жазасы белгіленеді, ал зорланған бала сол ату командасының құрамында болады. Ал Мысырда сотталғандарды жұрт алдында дарға асады.
Үндістан үкіметі де 12 жасқа дейінгі қыздарды зорлаған педофилдер үшін өлім жазасын енгізді. Сонымен қатар, педофилдерге өлім жазасы Сауд Арабияда, Латын Америка, Оңтүстік Корея, Ирак пен Африка елдерінде қарастырылған. Африканың кейбір елдерінде педофилдерді тіпті тірідей отқа жағып жібереді.

Қазақстанда қандай жаза қолданылады?

Қазақстанда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап педофилдерді химиялық жолмен піштіру туралы заң күшіне енгені белгілі. Бір педофилді химиялық жолмен піштіру үшін жылына 127 мың теңге керек екен. Еске салсақ, 2018 жылдың наурыз айында Маңғыстау облысындағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан 54 педофилдің біреуі химиялық жолмен піштірілді.
Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Асылбек Анарбаевтың айтуынша, биылғы жылы қыркүйекте сотталушы жазасын өтеп шығады. Ал жарты жыл бұрын департаменттегі іс қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберіледі. «Әрі қарай сот-психиатриялық сараптама белгіленеді. Дәрігерлерден құралған арнайы комиссия тұтқынды толыққанды тексеріп, химиялық піштіруді өткізу немесе өткізбеу туралы шешім қабылдайды. Комиссия қорытындысының негізінде сот соңғы шешім шығарады», – дейді Анарбаев.
Сот оң шешім қабылдаса, педофилге ципротерон препараты мәжбүрлі түрде егілетін болады. Бұл дәрі қоздыру мен жыныстық белсенділікті төмендетеді. «Оны әр 10-14 күн сайын салып отыру керек. Бір сотталғанға жыл бойы 26 укол салынады. Препараттың бір ампуласы 4000 теңгедей тұрады. Сонда бір адамға арналған химиялық піштіру курсы 127 мың теңгеге айналады», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Клара Оралбаева. Жә, бұл еліміздегі жағдай.
Химиялық кастрация біздің елден бөлек, Франция мен Ұлыбританияда, Бельгия, Данияда қарастырылған.
Францияда химиялық жолмен піштіру әдісі 2005 жылдан бері қолданылады. Шешімді судья мен емдеуші дәрігер арасында делдал функциясын атқаратын психиатр-үйлестіруші қабылдайды. Педофилдерге таңдау беріледі – химиялық кастрацияға келісу немесе психиатриялық аурухана қабырғасында мәңгіге қалу.
Ұлыбританияда 2008 жылдан бері жазасын өтеп шыққан педофилдерге қатысты ерікті түрде химиялық кастрация жасау көзделген. Бельгия мен Данияда да сот шешімімен мәжбүрлі химиялық кастрация жасалады. Ал Польшада 2009 жылдан бері фармакологиялық кастрация қолданылады. Оның қажеттігі туралы шешімді сот қабылдайды. Педофилдің құрбаны 15 жастан кіші бала немесе туысқаны болған кезде, бұл процедура міндетті. Ал Чехияда 1978 жылдан бері ерікті түрде хирургиялық кастрация жасалады.
Америкада 1990 жылдары күшіне енген мәжбүрлі кас-трация туралы заң қолданыста. Оған сәйкес, егер сотталған адам жазасын өтеп шыққаннан кейін, қайтадан жыныстық сипаттағы қылмыс жасаса, онда судья химиялық жолмен піштіру жазасын белгілейді. Бірақ сот қылмыскерге хирургиялық кастрация жазасын тағайындай алмайды, алайда қылмыскер өз еркімен келісуі мүмкін. АҚШ-та жазасын өтеп шыққан педофилдерді тұрғылықты жері бойынша тіркеуге алады. Олар туралы ақпарат және фотосуреттері жан-жаққа таратылып үнемі бақылауда болады.
Ұсталғаны бар, әлі күнге қолға түспей қашып жүргені бар педофильдер әбден құтырды. Қазақстанның кез келген өңірі педофилден ада емес. Қаншама бейкүнә қыз жексұрын педофильдің құрбаны болды. Баласын мектепке жіберген ата-ананың олар келгенше үрейге бой алдырып отыратыны үйреншікті жайтқа айналды.
Біз негізі ұмытшақ халықпыз. 2016 жылы маңғыстаулықтарды есеңгіретіп жіберген оқиға – 20 тамызда Ақтауда 6 жасар бүлдіршінді үйінің алдынан ұрлап кетіп, аяусыз зорлап, өлімші күйінде көшеге тастап кеткен қылмыскердің жан түршігерлік қылмысы еді. Бұл жағдайдың орын алуы Қазақстанда бірінші рет емес. «Педофилге қандай жаза қолданған дұрыс? Өлім жазасын неге қолданбаймыз? Қыздың тағдыры қалай болмақ? Қылмыскер табылмаған күнде сақтық шаралары қандай болмақ керек?» Осы тақілеттес сұрақтарға жауап іздеген желі қолданушылары тіпті үндеу хат жазуға дейін барды. Ажалмен арпалысып жатқан бейкүнә қыздың ендігі тағдыры тұрғындарды бей-жай қалдырған жоқ. Оқиға болған күннің ертесіне қылмыскердің түр-түсі шамалас портрет жан-жақтан іздестіріліп жатты. Әлеуметтік желіде мыңдаған жан бұл портретті өз парақшаларында бөлісіп, мұндай айуандыққа барған қылмыскер туралы хабар берген адамға 3 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындағанын жазды.
Өкінішке қарай, «қылмыскер әлі табылмай жатыр» деген желеу сөз халықты одан әрі есеңгіретіп тастады. Сол кездегі облыс әкімі Алик Айдарбаевтың тапсырмасымен, Астанадан белгілі дәрігерлер шақыртылды. Кейін баланы Астанадағы «Ана мен бала» Ұлттық ғылыми орталығына жеткізіп, қатаң бақылауға алды. Сәуле Әбілдаханқызы есімді журналист «Фейсбук» желісінде: «Телеарналарда түріктердің сериалы қаптап кетті деп ренжіп жатамыз ғой, бірақ сол сериалдардың әлеуметтік маңыздылығына мән бермейміз. Мысалы, «Фатмагүлді» түрік мемлекеті, елде қыздарды зорлау оқиғасы көбейгендіктен, арнайы госзаказбен – студияға тапсырыс беріп түсірген. Бізде жүздеген сериядан тұратын әлеуметтік маңызды сериал не фильм түгілі, 1 минуттық әлеуметтік ролик түсіруге тапсырыс беретін кезі өте сирек. Мысалы, осы Жібектердің талайы Фатмагүлдің тағдырын кешіп жүр. Қазір бұрынғы Қыз Жібектердей қыздар жоқ дейсіздер – қазіргінің Жібектерінің көбісі қорлықтың, зорлық-зомбылықтың, алдап-арбаудың құрбанына айналған» деп жазды.

ПРЕЗИДЕНТКЕ АШЫҚ ХАТ  немесе  САНАҒА ТҮСКЕН ЖАРАНЫ ҚАЛАЙ ЖАЗАМЫЗ?

Түйін сөз:
Даладағы әжетхананы мектеп ішіне көшірумен мәселе шешіле ме? Ата-ананың уайым-қасіреті мен баланың санасына түскен жара, психологиялық соққы жазыла ма? Тағдыр күйреді ғой. Көгіміз солып, тұнығымыз лайланды ғой. Көңіліміз шытынап, сағымыз сынып, жігеріміз құм болды ғой.
Бұл дерт. Осы педофилияның шығуын зерттеген бізде бірде-бір психолог, ғалым жоқ. Педофил деген тексіздік аурудың төркіні зинадан туған некесіздер болды ма екен деген ойға қаламын. Арамнан туған арамза болуы бек мүмкін. Әжетқананың сыртта, әлде мекеме ішінде орналасуында емес тәртіптің, тәрбиенің жоқтығы. Тараздағы педофильді ұстады, неге оның суретін басып – қай жердің тумасы екендігін, қандай ортада өскендігін ақпарат құралдарында жарияламайды? Неге осы педофилдердің суреті басылған кітапшалар шығарып мектептерге берілмейді? Биыл түрмеден санын білмеймін көптеген қылмыскерлер бостандыққа шықты. Олардың ішінде сондай айуандардың болуы да мүмкін. Тараздағы оқиғаға байланысты мектеп басшыларын, ішкі істер бөлімі басшысын, білім басқармасы бастығын жұмыстан алу деген асыра сілтеу.
Қоғамдық түйткілді жүрегімен қабылдайтын белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашевты соңғы кездері елімізде болған жаға ұстатарлық жағдайлар қатты алаңдатып жүргенге ұқсайды. Себебі, ол әлеуметтік желіде өзіне маза бермеген ойларын тізбектеп, президентке ашық хат жазыпты. Ойымыз үндес, мұңымыз іргелес болғандықтан Балғынбек баламның жанайқайына мен де қосыламын.
«Екі-үш күннен бері пост жазам деп жүр ем. Мәселе де, тақырып та көп. Бірақ, жүрегімді ауыртқан Тараздағы жантүршігерлік оқиға. Президент өз қызметіне кіріскеннен-ақ педофилияға қатысты жазаны қатайтуды тапсырған болатын. Біздің «халық қалаулылары» осы мәселе бойынша заңға өзгеріс енгізуді қашан қолға алар екен? Сабақ уақытында, мектеп ауласында ұл-қыздарымызға зорлық жасалып жатуы не деген масқара? Мектеп директоры, мұғалім, тағы бірнеше адамның жұмыстан шығып, сөгіс алып, тағы басқа жазаға тартылуымен немесе даладағы әжетхананы мектеп ішіне көшірумен мәселе шешіле ме? Ата-ананың уайым-қасіреті мен баланың санасына түскен жара, психологиялық соққы жазыла ма? Тағдыр күйреді ғой. Көгіміз солып, тұнығымыз лайланды ғой. Көңіліміз шытынап, сағымыз сынып, жігеріміз құм болды ғой. Есірткі мәселесінде біздің газетіміз үнемі ақпараттық демеуші болады.
Аса құрметті Президент мырза!
Мәртебелі министрлер мен депутаттар!
Пәрменді Бас Прокурор мен Жоғарғы Сот!

1. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасаған (ұрып-соғу, құлдыққа жегу, зорлық-зомбылық жасау, өлтіру т.б) қылмыскерлерге жазаны күшейтуді, өмірлік бас бостандығынан айыруды өлім жазасына ауыстыруды қарастырыңыздар.
2. Қылмыскердің аты-жөнін, суретін, руы мен тегін түгел жариялап, айдай әлемге жария ету керек. Ол қылмыскерге еш аяушылық болмау керек. Керісінше жапа шеккендердің аты-жөнін жасыру, жарияламау, құпия сақтау қажет.
3. Қылмыстық істі ашық жүргізу. БАҚ құралдары халыққа әр қылмыстық істің қалай аяқталғаны жөнінде толық әрі ашық хабардар етіп отыруы тиіс. Кәмелетке толмағандарға қатысты әрбір қылмыстық іс жіті қадағалауында болуы тиіс.
Әрқайсымыз ұл-қыз өсіріп отырмыз. Алла басқа салмасын! Жапа шеккендердің орнында кез-келгеніміздің қызымыз, қарындасымыз, немереміз болуы мүмкін ғой.
Кім кінәлі? Бізге салса үзілісте көпшілікпен бірге бармай, сабақ уақытында сұранып әжетханаға жалғыз барған қыздың өзін кінәлі қылуымыз мүмкін. Ақиқатында бәріміз кінәліміз. Қылмыс қандай қоғамда орын алады? Төресі әділетсіз, қарашасы имансыз, заңы әлсіз, биі парақор, сақшысы жігерсіз, әйелдері арсыз, еркегі намыссыз елде орын алады.
ТАРАЗ оқиғасынан соң әрқайсымыз өзімізді ТАРАЗЫ-ға тартып көрейік. Әйтпесе, Есеп күнінде Алланың Әділетті ТАРАЗЫ-сы бар!» – деп жазды ақын балам instagram парақшасында.
Иә, әділетті қоғам орнату әр азаматтың парызы. Бүгінде билік пен халықтың арасы алшақтап барады дейтіндер көп. Кімнің аузына қақпақ боларсың? Алайда Тараздағы мектеп ауласында болған оқиғаға халық жаппай реакция білдіріп жатқанда, ел сенім артқан депутаттардың үнсіз қалуы да көпшіліктің ашуын туғызғанын көзіміз көрді.
«Тараздағы мектептердің бірінде 12 жасар қыз бала зорлыққа ұшырады. Неге біздің қоғамда балаларға қатысты мұндай жантүршігерлік оқиғалар болуы керек? Ең қорқыныштысы, сол қылмысты жасайтындар ортамызда жүрген адамдар! Бұл психикалық ауру ма? Қанды көз қылмыскерден балаларды қалай қорғаймыз? Сұрақ көп. Мұндайларға қолданылып жатқан жаза тым жеңіл емес пе? Өйткені, жазадан қорықса айуандықтан тартынар еді! Баланы аямағанға заң да барынша қатал болуы керек сияқты» деген пікірлер де айтылып қалып жатыр.
Бір кездері «стақан сындырғыш» Ғани Қасымов сенатор болып жүргенде: «Менің ұсыныстарыммен Премьер-министр де келісіп отыр. Әділет және Ішкі істер министрліктеріне бұл нормаларды қайта қарастыруды тапсырғанын айтты. Одан бері біраз уақыт өтті. Заң жобасын қайта қарағалы отырмыз. Қазіргі уақытта балалар құқығын қорғау туралы заңның педофилдерге қатысты тұстарына түзетулер мен толықтырулар дайындауын күтіп отырмын. Балалардың өмірін қор қылғандарға қолданылатын ең қатаң шара – өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе химиялық кастрация жасау. Басқа жол жоқ. Мен өз басым қоғамның мүшесі ретінде педофилдің өмір бойы түрмеде отырғанын, олардың ол жерден тірі шықпағанын қолдаймын» деп айтып еді. Бірақ заң жобасына бұл талабы енбей қалды. Гуманизмге арқа сүйеген ата заңымыз, ата-бабасы естімеген сорақылыққа жол беріп алды. Енді соның зардабын тартып жатқандай көрінеді маған…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.