Азаматтарға арналған үкімет Маңғыстау облысының тұрғындарына үш жыл ішінде 3 млн қызмет көрсетті

      Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының үш жылдық қызметіне байланысты өткен брифингте филиал директоры Ербол Байжігіт мәлімдеді.
         Брифинг барысында мемлекеттік қызметтер реестріндегі 752 қызметтің 621-і (яғни 83%) мемлекеттік корпорация арқылы, ал 506-сы электронды түрде қолжетімді екені айтылды. Филиал директорының орынбасары Айбек Мұзбаевтың келтірген мәліметі бойынша, мемлекеттік корпорация құрылғаннан бастап Маңғыстау облыстық филиалы аймақ тұрғындарына 3 млн-ға жуық қызмет көрсетсе, оның 1 млн 903 мыңын маңғыстаулықтар орталыққа келіп, өз бетінше алған. Сондай-ақ филиалда соңғы үш жылда 475 мыңнан астам ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) рәсімделген.

 

«Paper free», «Еgovkzbot» арқылы көлікті онлайн тіркеуге, жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады

 

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша филиал директоры Ербол Байжігіт мәлімдеді.

Өңір тұрғындары үшін осы үш жыл ішінде мамандырылған ХҚО секторы, миграциялық ХҚО ашылған. Ақтау қалалық бөлімі жаңа ғимаратқа көшірілді. Атқарылған жұмыстармен қатар, филиал директоры Ербол Байжігіт бүгінде көлікті онлайн тіркеу, жүргізуші куәлігін онлайн түрде ауыстыру, paper free, egovkzbot сияқты жаңашылдықтарды айтып өтті.  «Бүгінде телеграм мен mGov қосымшаларындағы мемлекеттік қызметтерді бірретік құпиясөз арқылы алуға болады. Ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Облыс бойынша аталмыш базаға 473 мың адам тіркелген. Бұл дегеніміз сұранысқа ие бірқатар анықтаманы ХҚО-ға бармай-ақ алуға болады.

 

Зейнетақы төлемі 7%, базалық зейнетақы мен жәрдемақы көлемі 5%-ға артқан

 

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында  өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Маңғыстау облыстық филиалы директорының әлеуметтік төлемдер бойынша орынбасары Ұлан Нұрлыбаев айтты

Сонымен қоса «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы әлеуметтік бағыт бойынша зейнетақы мен жәрдемақының 42 түрін қамтып, төлемдер жүргізіп отыр. Ай сайын республикалық бюджет есебінен 5 млрд теңгеден астам төлемдер жүргізіліп келеді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдер бойынша жыл сайынғы өсім жүргізілді. «Зейнетақы төлемі 7%, базалық зейнетақы мен жәрдемақы көлемі 5%-ға арттырылды. Осылайша, Маңғыстау облысы бойынша 176501 мыңға  төлемнің мөлшері өсті», –дейді мамандар.

Айта кетсек, мемлекеттік корпорация ҚР Тұңғыш Президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының жүзінші қадамын орындау мақсатымен құрылып, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыратын бірыңғай провайдер болып табылады. Оның құрамына «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» және «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығы» РМК кірді.

 

 

 

 

 

 

 

Маңғыстау облысы «ӨКҚ»