«АЗАТТЫҚ РАДИОСЫНА» БІР БАЗЫНА!

Әділдік керек! Не нәреге де әділ қарау, бұра тартып бұрмаламау журналисттің азаматтық міндеті! Өйткені халыққа анық, ашық ақпарат керек! Азаттық радиосын қараймын. Кей журналисттерімен сәлемім түзу. «Платон менің досым, бірақ шындық қымбатырақ» демекші, менде шындыққа тура қарамақпын. Арыстағы оқиға жайлы әріптестерімнің Азаттықтағы шығарылымын кеше көрдім. Қиналған халықтың ортасына барғандары, көрген — түйгендері бәрі шынайы. Бірақ негативті тұстары көп. Баяғы сенсация іздеу басым. Қайтсем билікті қаралаймын, қайтсем халықтың ашуын туғызамын деген ойлары алыстан «мен мұндалап» шақырады! Ел басына күн туған мұндай сәтте, меніңше, екі аралықты тең ұстаған дұрыс секілді. «Жаптым жала, жақтым күйе» мұндай қарбалас, қайғы жамылған жерде жүрмейді. Билікті қоя салайық, сол билікте қызмет жасайтын қаншама халық қолыындағы барын Арыстың қам -көңіл жұртына беріп жатыр. Бұл жақсылық емес пе? Халыққа толып кеткен мешіт туралы қасында жүріп бір ауыз жылы сөз айтылмады. Бұл да кәсіби журналисттерге үлкен сын! Өйткені көптің көңілін табу оңай шаруа емес. Көп жүрген жерде ұрлықта, қарлық та, ізгілік те, парасат та бірге жүреді. Рас, биліктің кемшілігі жетіп артылады… Тағы айтамын, халық үдіре көшкен, қамкөңіл сәтте, қандастарына алаңдаған елге жұбату айтып, бор көңілді үгітпей, таразының екі басын тең ұстаса қандай жарасымды болар еді…

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *