Елорда тұрғындарын аялдама павильондарында жиналмауға шақыруда

Қалалық жедел штаб 30 наурыздан 6 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көлік жұмысының толық тоқтатылғандығын еске салады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «30 наурыз сағат 00:00-ден 6 сәуір сағат 00:00-ге дейін елордадағы қоғамдық көліктердің жұмысы толық тоқтатылғандығын еске саламыз. Осы ретте Сіздерден аялдама павильондарында қоғамдық көліктерді күтпеулеріңізді сұраймыз. Көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда үштен артық адамның жиналуына кеңес берілмейді»,  – деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының Жедел штабы.