Елордалық колледждерге құжаттар қабылдау басталды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының колледждеріне құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 2019-2020 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) 25 колледжде орналасқан және 4705 орынды құрайды. Құжаттарды қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады. Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар тізiміне өтініш, білімі туралы құжаттың түпнұсқасы, №086-У нысанындағы медициналық анықтама флюрография суретімен қоса (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін – 088 — У нысанындағы медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 фотосурет кіреді. Құжаттар колледждің қабылдау комиссиясына қағаз түрінде немесе e.astana.kz сайты арқылы электронды түрде ұсынылуы мүмкін. Колледждер тізімі мен мамандықтар тізімі қалалық білім басқармасының bilim.astana.kz сайтында қолжетімді.

astana.gov.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *