Еріктілердің еңбегі әркез елеулі  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылды «Еріктелер жылы» ретінде жариялады. Әрине еріктілердің еңбегі әркез ел есінде. Бір ғана ЭКСПО көрмесінде еріктілердің күшімен талай тірлік тындырылды. Енді міне келер  еріктілер жылына  Жамбылдық жастар ауқымды жоспарлар құруда .
Атап айтсақ, облыста 2 мыңға жуық еріктілер дерекқоры жасалды. Бұл жұмыстарды жүйелендіру мақсатында облыс әкімдігінің Қаулысымен (2019 жылғы 14 наурыздағы №52 Қаулысы) «Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобасын іске асыру жөніндегі Жоспары бекітілді.

Жобаға 1800 волонтер (Тараз қаласы бойынша- 550, аудандарда- 1250 волонтер) жұмылдырылды. Жалпы 135 227 отбасы (жалпы отбасы санына шаққанда 54%) араланса, 31398 отбасына сауалнама толтырылды (жалпы араланған отбасының 13%)

Жоба аясында Тараз қаласында 3 қайырымдылық дүкені (Ленин, Бәйдібек баба көшелері, Төле би даңғылы) ашылды, олар қажетті жабдықтармен (арнайы сөрелермен жабдықтау, тазалау құралдары т.с.с.) жабдықталды.

Халық көп шоғырланатын 5 сауда орындарында арнайы
киім-кешек, тұрмыстық заттар қабылдауға арналған жәшіктер (9 мөлтек ауданы «Айырылмас» СО, Абай даңғылы «Тарго» СО, Қант зауыты аймағы, Рафинадная көшесі
3 «А» «Тәтті себет» («Вкусная корзинка») СО, Жібек жолы 64 «Б» (40 мельница), «Тәтті себет» («Вкусная корзинка») СО) орнатылды.

Жыл басынан бері аталған дүкендер арқылы 977 отбасына
4 тоннаға жуық киім-кешек үлестірілді. Жоба аясында волонтерлардың ықпалымен облыс бойынша
609 отбасына 3,2 миллион  теңгеге азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты «QamQor» қайырымдылық дүкені Жамбыл облысы мен Тараз қаласы тұрғындарынан гуманитарлық көмек қабылдау пунктін ашты. Дүкенге Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккен 67 адам көмекке жүгінді. Сондай-ақ, жарылыс кезінде зардап шеккен адамдар орналастырылған №13 Теміржол колледжіне гуманитарлық көмек берілді. Гуманитарлық көмек ретінде киім-кешек, гигиеналық заттар және азық-түлік үлестірілді.

Осылайша жамбылдық жастар еріктілер жұмысын жолға қойып, келер жылға қарқынды дайындалуда. Бауы мен байлауы бірдей табылған тірлік деген осы.

Дедек Төлен

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.