Кооперативтер агросаланың көсегесін көгертеді

Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында асыраушы салаға айрықша басымдық берді. Күні кешегі Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та асыраушы саланың ел экономикасында алар орнын айқындады. Және суармалы егістік даласын кеңейтіп, төрт түліктің басын арттыруда тапсырды. Бұл ең бірінші ішкі сұранысты қанағаттандырып, өндіріс көлемін ұлғайтып, ет пен сүт кластерін дамытатыны белгілі.

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуші 26 шағын кәсіпорын, цехтар бар. «Ақтоған» ШҚ-ың макарон шығару цехында 25 түрлі макарон өнімдері  өндіріліп, облыс көлемінде сатылуда.«Досқайнар» ШҚ, «Ұлы Сұлтан» ШҚ-ы шұжық цехтары  10-нан астам түрлі тауарды халыққа  ұсынып отыр.

Ауыл шаруашылығындағы басты жұмыстың бірі-ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру арқылы азық-түлік қорын ұлғайту, мал өнімдерін өндіру тиімділігін арттыру шараларын жүзеге асыру.

Ауданда  ет бағытында 3, сүт бағытында 8 ауыл шаруашылық өндірістік  кооперативтері құрылып, жұмыс атқаруда.

Облыс әкімі А.И.Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес елді мекен тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсарту жобасы әзірленіп, есебі шығарылды. Қай елді мекен табыс көзін арттыру үшін қандай кәсіппен айналысатындығы айқындалды. Пилоттық жоба ретінде Көкдөнен ауылдық округі таңдалды. Кооператив басшысы тағайындалды. Бұл елді мекенге қандай техника, тұқым, тыңайтқыш, т.б. қажеттіліктердің есебі шығарылып, облысқа жолданды. Барлық қажетті  қаражат 831,5 млн.тг. Бір отбасының айлық табысы 160,0  мың теңгені құрайтын болады.

Мал шаруашылығында ветеринария саласының да алар орны ерек. Ол ауыл шаруашылығы саласында өзіндік орны бар сала.Қазіргі таңда аудан аумағында талапқа сай 2 ветеринариялық пункт бар.   2019 жылы ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге жергілікті  бюджеттен      144 млн.   тг бөлінген.

Аудан аумағында  2018 жылы 4  ветеринариялық пункт сатып алынса, 2019 жылы аудандық бюджеттен 25 млн. тг қаражат бөлініп,  5 ауылдық округте    ветеринариялық пункттер құрылысын  аяқтау жоспарланған. 2020 жылға  6 ветеринариялық пункт соғу жоспарлануда.

Межелі міндет пен айқындалған жоспар бар. Енді тек осы бағыттан таймай, агра саланы барынша алшаң бастыру қажет.

 

Дедек Төлен

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.