Ұлық болсаң, кішік бол: Жапонияда министр халықтан бас иіп, кешірім сұрады

Жапонияның ұлттық жер, инфрақұрылым, транспорт және туризм министрі Кэйити Исии орынбасарының орынсыз сөзі үшін халық пен биліктен бас иіп, кешірім сұрады. Орынбасары жақында салынатын жолға қатысты өз атынан орынсыз болжамдарға жол берген еді. Сол әрекетінен кейін орнынан алынған болатын. 

Исии Төменгі палаталар отырысында мемлекет пен халық алдында әкімшілік-құжаттық рәсімдемелерге қатысты күдік туындайтын әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Оның орынбасары Итиро Цукада Фукуока мен Ямакути аймақтары аралығында салынатын жолға қатысты оң шешім қабылданатынын меңзеген еді. Алайда билік пен халық арасында бұл жоба әлі қызу талқыланып жатқан болатын. Халықтың жобаға қатысты пікірі ескерілмейді деген күдік туындамауы үшін, оны қызметінен босатты.

Аталмыш екі аймақ премьер-министр Синдзо Абэ мен оның орынбасары  Таро Асоның шыққан өлкесі. Соған қарамастан олар мұндай маңызды мәселелерді халық үніне құлақ түріп, шешетінін ескертті.

 Асхат Қасенғали