«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің алаңында Наурыз мерекесі

Павлодар қаласы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің алаңында Наурыз мерекесі аталып өтті.  қасиетті жұма күні мешіт асханасының  әйелдері, мешіт әйел ұстаздары мен шәкіртері Құран бағыштатуға, неке қидыруға және намаз оқуға келген жамағатты әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, жақсы бата-тілектер айтып, мешіт  кіреберісінде  арнайы  жайылған дастарханнан дәм татырып, наурыз көже үлестірді.«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің алаңында Наурыз мерекесі

Сонымен қатар мешіт жамағаттары мен шәкірттері  арасына гір көтеру, арқан тарту, қол күрестіру, қазақша күрес  сайыстары  ұйымдастырылып, әр қайсы 4 категория бойынша жүлделі орын иеленгендерге өкіл имамның алғыс хаты мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Күн мен түннің теңескен, ежелгі заманнан қалыптасқан жылбасы – әз Наурыз мерекесін ҚМДБ-ның  Павлодар облысындағы барлық мешіттер арнайы бағдарлама бойынша  мерекелік шаралар ұйымдастырып қарсы алды..

Алла Тағала ризық-несібемізді молайтып, бірлік-берекемізді арттырғай. Наурыз мерекесі құтты болсын!

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі