МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ӨЗДЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІН АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА АТАП ӨТТІ

23 маусым күні Шымкент қаласының мемлекеттік қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін Дендропаркте ашық аспан астында атап өтті. Осы жылы бұл мереке мемлекеттік қызметкерлердің спорттық жарыстарымен сүйемелденді. 300-ден астам адамның қатысуымен өткен салтанатты іс-шара үлгілі қызмет еткен, сондай-ақ өзінің еңбекқорлығымен және өз ісіне берілген мемлекеттік қызметшілерге грамоталар мен алғыс хаттарды табыстаудан басталды. Мереке құрметіне қала әкімі Ғ. Әбдірахымов пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә. Көмекбаев құттықтау сөз сөйледі.Салтанатты шараның тағы бір ерекшелігі — бір күн бұрын өткен спартакиаданың жеңімпаздарын марапаттау болды. Футбол, волейбол бойынша үздік командалар және үстел теннисінің жеңімпаздары спорт чемпиондары Біржан Жақыпов, Ксения Хан және Нұрдәулет Айдархан тапсырған кубоктар мен медальдарға ие болды.Марапаттау рәсімінен кейін салтанатты шара қатысушылары жүгіру марафонында өздерінің спорттық шыңдалуын көрсетті.Қазақстанда мемлекеттік қызметшінің күнін тойлау мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуға, салауатты өмір салтын және патриотизмді насихаттауға ықпал етуі тиіс.Еске сала кетсек, бұл мереке елімізде алғаш рет 2013 жылы бекітіліп  аталып өтілген. 2002 жылы желтоқсан айында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 57-ші сессиясы БҰҰ-ның мемлекеттік қызмет күні ретінде 23 маусымды жариялау туралы қаулы қабылдады және БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді осы күнді әр елде белгілеуге шақырды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы        № 716 Жарлығымен 23 маусым мемлекеттік қызметшінің күні болып бекітілді.