Міндетті медициналық сақтандыру – ұлт саулығының кепілі

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберіндегі медициналық көмектің пакеттеріне не жататынын тұрғындар біліп жүрсе артық болмайды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап қолданысқа енеді, — деп хабарлайды «Elana» ақпарат агенттігі.

 

Жалпы, бұл жүйені енгізудегі негізгі мақсат – халықты жалпыға бірдей медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Бұл дегеніміз тұрғындардың өз қаражаты есебінен медициналық қызметтер алуы. Сонымен қатар, медицина қызметіне бөлінетін қаражат тапшылығын тұрғындардың қаржысы есебінен жою. Осы орайда МӘМС-і енгізгеннен кейін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінген қаражатқа қоса, МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге де қосымша қаражат бөлу қарастырылатынын, осылайша, медициналық қызметтер тізілімі артып, соған сәйкес медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі де артатынын айта кеткен жөн. Жалпы, қазіргі таңда МӘМС енгізу шеңберінде тегін медициналық көмекті оңтайландыру жүргізілуде және ол тұрғынның сақтандырылған немесе сақтандырылмағандығына қарамай қамтамасыз етіледі. Яғни, тұрғындардың барлығына жедел медициналық көмек және санитарлық авиация, алғашқы медициналық-санитариялық көмек (амбулаториялық-емханалық көмек), мемлекетпен бекітілген тізілім бойынша жоспарлы және шұғыл стационарлық және стационарды алмастыратын көмек тегін көрсетіледі. Сонымен қатар бұл тізімге кең таралған созылмалы аурулар (артериальды гипертензия, қант диабеті, жүрек ауралары, тыныс алу жүйесі аурулары), әлеуметтік маңызы бар аурулар (туберкулез, ВИЧ/СПИД, онкологиялық, наркологиялық және психикалық, жұқпалы аурулар) кіреді. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша  филиалының директоры Мавлюда Бокаева МӘМС пакетіне медициналық көмектің қандай түрлері жататынын айтып берген еді. Мәселен, консультативті-диагностикалық көмек, оның ішінде қымбат тұратын қызметтер, тегін мемлекеттік көмектің кепілдік берілген көлеміне (ТМККБК) кірмейтін ауруларды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, стационарды алмастыратын көмек, оңалту секілді тағы да басқа бір қатар қызметтер жатады екен. Негізгі айта кетер мәселе аталған пакеттің кімдерге берілетіні. Сақтандырылған тұрғындар, ересек жұмысқа қабілетті тұрғындар МӘСМ жүйесіне жарналарды төлеу қажет.

Сондай-ақ, жеңілдігі бар санаттағы тұрғынарға ТМККБК де және МӘМС жүйесінде де медициналық көмекке қол жетімді болатындығын айта кету қажет. Тұрғындардың 15 түрлі санаты бойынша жеңілдігі бар тұрғындарға МӘМС жүйесіне жарналарды мемлекет өзі төлейді. 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер, барлық топтағы мүгедектер, көп балалы аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталғандар; жұмыссыз жүкті әйелдер;  әскери қызметкерлер; бала (балалар) туу немесе жаңа туған сәбиді (сәбилерді) асырап алуға байланысты, баласы (балалары) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыс алған адамдар, мүгедек бала күтімімен айналысатын жұмыс істемейтін азаматтар, балалық шақтан бірінші топ мүгедегі болып табылатын жарымжан тұлғаның күтіміне байланысты үйде отырған, жұмыссыздар; іштей оқып жатқан студенттер; сот үкімі бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар, тергеу изоляторларында отырғандар, жұмыссыз ретінде ресми тіркелген адамдар; мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын жұмыссыз азаматтар, жұмыс істемейтін оралмандарға мемлекет жарнаны өзі төлейтін болады.

Әлім Мұратов

Жамбыл облысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.