Нұр-Сұлтанда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

1, 4 ,5 мамырда елорда тұрғындары мен қонақтары ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне бара алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. «Елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлікті құны нарықтағыдан 10%-ға төмен бағамен сатып ала алады», – делінген қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарламасында. Жәрмеңкелер «Sine Tempore» СО алдындағы алаңда және халыққа қызмет көрсету орталығының іргелес аумағында (Сауран көшесі, 7) өтеді. Қосымша ақпаратты инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан алуға болады, 113 кабинет, тел.: 55-69-78, 55-68-99.