Нашар ұстаз: «жақсы, сен мұны ертең істесең де болады» дейді.

Бір бай адам болыпты. Оның өте сұлу қызы болады.  Бай қызын күйеуге бермекші болады, алайда, жігіттер оған жақсы көргендіктен ба, әлде ақша үшін үйленгілері келеді ме деп күмәнданады. Сол себепті, ол жігіттерді сынамақшы болып адамдарды  жинап алып, бай былай дейді:

«Кімде-кім мына бассейнді жүзіп өтсе, өз қалауынша: менің жерімнің 3/1, ақшамның 3/1, немесе қызымды алады.  Бірақ, бұл бассейнде ондаған қолтырауынның жүзіп жүргендігін білулеріңіз керек».

Ол сөзін аяқтап болмастан, бір жігіт бассейнге түсіп кетеді.

Бай таң қалады, мұндай әрекетке бару үшін қандай батыл және қайратты болу керек деп ойлайды!

Қолтырауындар жігітті қуа жөнеледі, жігіт тез жүзе бастайды, жыртқыштар қуып жете бергенде, жігіт одан қатты тез жүзіп кетеді.

Ақырында, ол бассейннің арғы бетіне дейін жүзіп шығады. Таңданған
бай өкінішті кейіппен жігіттен жерінің 3/1 қалайды ма деп сұрағанда, жігіт
«Жоқ» деп жауап береді.

Сонда бай:

«Сен менің ақшамның 3/1 алғың келіп  тұрған болар» деп сұрайды. Бұл жолы да «Жоқ» деген жауап алады.

Бай біраз тынышталып, оң жауап алатынына сенімді түрде:

«Сен менің қызыма үйленгің келеді ғой» деп сұрағанда, жігіт тағы да «Жоқ» деп жауап қайтарады.

«Онда саған не қажет?» деп сұрайды таңданған  бай.

Сонда бай: «Мені осы бассейнге итеріп жіберген адамды тауып беріңдер»,- деген жауапты естиді.

Бұл мысал, ешкімнің өз мүмкіндіктерін, физикалық тұрғыдан болсын, интеллектуалды жағынан болсын дұрыс бағалай алмайтындығын көрсетеді.

Алайда, оқыс жағдайларда мұндай мүмкіндіктер таныла бастайды. Өз еркімен ол жігіт бассейнге ешқашан секірмес еді.

Ал жақсы ұстаз, өзіңіз ешқашан жасамайтын заттарды, сіздің қабілетіңізді танытатын заттарды жасауға міндеттейді. Нашар ұстаз: «жақсы, сен мұны ертең істесең де болады» дейді. Алайда бұл сүйіспеншілік емес, бұл аяушылық. Ал, хирург аянышы пациент өліміне алып келуі мүмкін. Міне, осыны есте сақтау қажет.

 Салтанат Минайханұлы