Облыс намысын қорғап келді  

Павлодарда облыс намысын республикалық және халықаралық байқауларда абыроймен қорғап жүрген өнерпаз, әншілер баршылық. Солардың бірі Мадияр Абай. Жақында Ресейдің Астрахань қаласында өткен халықаралық байқаудан олжалы оралды.

 

Жақында ғана Павлодар музыкалық колледж түлегі Олжас Нұрланов баян аспабында шебер ойнап, халықаралық конкурста жарқын жеңіске жеткен еді. Көп ұзамай оның ізбасары Мадияр Абай баян аспабында кәсіби орындаушылық шеберлігімен халықаралық деңгейдегі лауреат болып келді.

«Каспий толқыны» орыс халық және ұлттық аспаптарындағы орындаушылардың Астрахань қаласында өткен V Халықаралық байқауында «Баян-Аккордеон» номинациясы бойынша Мадиар Абай 2 орынға ие болды (оқытушысы М.С.Ботагузов).

Оқу орнының ғана емес, облысымыздың мақтанышына айналған Олжас пен Мадияр биік шыңдарды бағындырып жүр. Талантты жастарға әрқашан сәттілік тілейміз.

 

 

Тілеуберді Сахаба

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.