Пандемияның кесірінен «халықаралық наурыз мерекесі» өтпейтін болды

Шығыс халықтарының көбіне ортақ жаңа жылдың кіруі есептелетін наурыз мерекесі бұл күндері халықаралық мереке ретінде аталып өтетін айтулы даталардың біріне айналды. 2010 жылы Әзербайжан елінің өтініші негізінде БҰҰ-ның бас ассамблеясы жағынан қабылданған «A/RES/64/253» нөмірлі қаулысына сай, наурыз айының 21-күні «халықаралық наурыз мейрамы» (Internation Day of Nowruz) болып мақұлданды. Күн мен түннің теңелген уақыты, көктемнің басталуы ретінде тойланатын бұл мерекені Орта азиядағы түркі тілдес халықтар мен қоса Иран ислам республикасы, Ауғаныстан, Үндістан, Албания, Македония, Тәжікстан елдері атап өтеді. Наурыз мерекесінің шығу тегі туралы әрбір халықтың өзіне тән аңыздары мен деректері бар. Дегенмен барлығына ортақ тұжырым, бұл күн жаңа жыл мерекесі болып табылады. «Наурыз» сөзінің мағнасын көптеген адамдар парсы тілінің «نوروز», яғни «нау- жаңа, руыз-күн» сөзінен шыққан деседі. Ал қазақ арасында бұл сөздің мағынасы туралы бірнеше түрлі айтылымдар бар. Ғалымдар наурыз мерекесінінң тарихын 2500-3000 жыл арыдан бастау алады деген тұжырымға тоқтағаны белгілі. Ол тарихтағы зороастриян дінін ұстанған ирандықтардан шыққан деседі. Бұл сөздің негізі арыда жатқандығының бір белгісі болар, Әзербайжан секілді елдерде наурыз мейрамын тойлағанда оттан секіретін дәстүр күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Ал қазатар болса, бұл күні жеті түрлі дәмнің басын қосып арнайы көже дайындап, бір-біріне қонақ болып, түрлі мерекелік көңіл ашу қимылдарын өткізеді. Наурыз өткізетін халықтардың барлығы қазақтардікі секілді көже дайындай бермейді.

Осындай думанды мереке өкінішке қарай биылғы жылы тойланбайтын болды. Әлемді шарлап кеткен Covid-19 корона вирусының жаппай таралуына байланысты, адамдардың бас қосулары, қауіпті індеттің таралуына себеп болатындықтан, қазіргі күнде діни қимылдардың өзіне уақытша шектеу салынып жатыр. Біз төменде бірнеше елдегі наурыз мерексінің пандемияға байланысты тоқтатылғандығы туралы баяндаймыз.

Иран елінде наурыз мерекесі ресми тойланатын айтулы мерекелердің бірі. Арғы тарихы 2500 жылдан басталатын бұл мереке, бірінші Парсы империясы кезіндегі Ахменидтер патшалығы дәуірінен басталған деседі. Ол кездегі ирандықтар зороастриян дінін ұстанатын еді. Яғни отқа табынатын мәжусилер болатын. Кейін келе ислам діні көне сенімдердің орнын басқанымен, шиттік бағытқа көбірек бой ұратын ирандықтар, наурыз меркесін парсылардың ұлттық мерекесі ретінде ғасырлардан ғасырларға жалғастырып келді. Ирандықтар әдетте «Иран күнтізбесі», «Григориян күнтізбесі» және «Һижрия күнтізбесі» қатарлы үш түрлі жыл санау әдісін аралас қолданады. Наурыз мерексі григориян күнтізбесі бойынша жылдың 3- айының 21күніне тура келеді. Қалыптасқан дәстүр бойынша Иран ислам республикасының басшысы Хасан Рухани наурыз мерекесін тойлауды Мешхед қаласындағы Имам Резы мешітіне барудан бастайтын еді. Биылғы төтенше жағдай ирандықтарды әбігерге салып жатқандықтан қазір топтық қимыл атаулының барлығына уақытша тиым салынып жатыр. Корона вирустан ауыр зардап шегіп жатқан Иран елі төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болды. Елдегі дін басылар мен саясаи тұлғалар ақылдаса отырып, жұма намазын оқуды уақытша тоқтау туралы патуа шығарды. 9- наурыз күн сөз сөйлеген Рухани, 21 наурызға орай Мешхед қаласындағы мерекелік шараға қатысу жоспарын күшінен қалтырғанын мәлімдеді.  Ал 11- наурыз күні министрлер кабинетінде сөз сөйлеген ол- «барша ирандықтарды сақтықты күшейтіп, қауіпті індеттің таралуына тосқауыл қоюға шақырды. Сонымен қоса наурыз мерекесі қарсаңында өтетін діни шараларды қатаң бақылауға алуды тапсырды. Әрі көпшілікті жұқпалы аурудың таралуын шектеу үшін Имам Резе мешітінде өтетін діни қимылдарға қатынаспауын айтты.». Осылайша ирандықтардың дәстүрлі жаңа жыл меркесі биыл тойланбайтын болды. Наурыздың 16 күнгі мәлімет бойынша Иранда корона вирусын жұқтырғандырдың саны 14991 адамға жетіп 853 адам қайтыс болған. АҚШ-ның санкцияларынан көз ашпай келе жатқан Иран елі қазіргі таңда халықаралық қоғамнан көмек сұрап жатыр.

Наурыз мерекесінің халықаралық мәртебеге ие болуына ықпал еткен Әзербайжан Республикасында  да биылғы наурыз жылдағыдай тойланбайтын болды. Ресми бекітілген мереке ретінде айырықша атап өтілетін бұл күнге әзербайжандар бір ай бойы дайындалатын еді. Алайда көршілері Ираннан жеткен қауіпті індет әзербайжандарды да әбігерге салып жатыр. 16-наурыз күнгі мәлімет бойынша Әзербайжан елінде корона вирусын жұқтырғандардың саны 25  ке жетіп 1 адамның көз жұмғандығы хабарланды.

Түркияда наурыз мерекесі бертінге дейін ресми дата ретінде аталып өтпейтін болған. Бұл тарихтағы Осман империясынан қалған дәстүр болса керек. Негізінде наурызды тойлау дәстүрі 11-15 ғасырлар аралығында Иран елінен Осман империясына таралған деген сөз бар. Алайда ислам дінін берік ұстанған Османлы сұлтандары құрбан айт пен ораза айттан өзге мереке күндерін өткізуге тиым салғандығы белгілі. Дегенмен Түркия аумағында қоныстанған күрд, татар, ноғай халықтары үшін бұл күннің маңызы ерекеше еді. Сөйтіп Түркия Республикасында 2000 жылға келгенде ғана бір бөлім түріктер мен күрдітердің талабы негізінде халықтық мереке ретінде наурызды тойлауға рұқсат етілді.

Күрдтер үшін наурыз мерекесі жылдың басы ғана емес, еркіндікке қолдары жеткен ұлттық тәуелсіздік күні ретінде қарастырылады. Күрд аңыздарныда айтылуынша тарихта Месопотамия жерінде, қара темірді қамырша илейтін Кауа атты жаужүрек ұста болыпты. Кауа күндердің бірінде халықты бастап өздерін аяусыз қанап отырған парсы патшасына қарсы көтерліске аттанады. Сөйтіп, жауды жеңіп, жауыз патшаның басын алады. Кауа патшаның басын көтеріп алып бір таудың басына шығып, алаулатып от жағады. Мұнысы жеңіс хабарын айналаға таратқысы келгені екен. Лаулап жанған отты көрген халық, айналасындағы таулардың төбесіне шығып от жағып бір-бірлеріне белгі беріп, жеңіс хабарын тұтас Месопотамия аймағына жаяды. Міне содан бері бұл күн, ұлы жеңіс күні ретінде аталып келе жатса керек. Күрд халқы күні бүгінге дейін наурыз мерекесінде алаулатып от жағып, ән айтып би билеу дәстүрін үзген жоқ. Қазіргі пандемия жағдайына сай, Түркия елі де сақтық шараларын барынша күшейтіп жатыр. Соңғы дерек бойынша Түркияда Covid-19 вирусын жұқтырғандардың саны 18 ге жетті.

Наурызды тарихтан бері тойлап келе жатқан халықтардың арасында ауғандар да бар. тарихи деректер бойынша ауғандарға да наурыз мерекесі, Иран жерінен тарлаған деседі. Ауғанстандықтар да 21-22 наурыз күнін жылдың басы ретінде тойлайды. Алайда елдегі саяси ахуалдардың шиеленісе түсуі мен діни фанаттардың ықпалының күшейе түсуіне орай наурыз мерекесін ислам дініне жат мереке ретінде қарастырып, оны тойлауға тиым салғысы келетін топтардың жарнамасы ауық-ауық жұрт наразылығын асебеп болып отыр. Ал, Орталық азия аймағын мекен ететін өзге де түркі тілді халықтар үшін наурыз мерекесі дәстүрлі мереке есептеледі. Бұл елдерде наурызды тойлауға тиым салынбаған. Алайда биылғы төтенше жағдайға байланысты Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде науры мерекесі жылдағыдай кеңі көлемде аталмайтын болды.

Ерқазы Сейтқали