Павлодар мемлекеттік университеті еліміздің үздік жоғары оқу орындарының бестігіне енді  

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті тоғызыншы жыл қатарынан өзінің академиялық мәртебесін дәлелдеп келеді. Үстіміздегі жылы Қазақстанның білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің нұсқасы бойынша бесінші орынға ие болды

Рейтинг әдістемесі ғылыми тұрғыда негізделген. Сонымен қатар, Шанхай және Братиславада өткен академиялық рейтингтер және артықшылықтар жөніндегі халықаралық обсерватория (IREG) консерваторияларына қатысқан сарапшылар тарапынан мақұлданған. «HigherEducationinEurope» (Лондон) және «Journalof HigherEducation» (Шанхай) журналдарында жарияланды.

Жоғары оқу орындарының академиялық жетістіктері 6 индикатор бойынша бағаланады: студенттердің контингенті, студенттердің оқудағы жетістіктері, ЖОО-да жүзеге асырылатын оқу бағдарламаларының саны. Академиялық кадрлар: профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми-зерттеушілік инновациялық жұмыс, халықаралық ынтымақтастық, ақпараттық қамтамасыз ету. Статистикалық көрстекіштер тәуелсіз дереккөздерден алынды. Мәселен, SCOPUS, Clarivate Analitics (бұрынғы ThomsonReuters), ғылыми жарияланымдардың мәліметтер базасы, Ресей ғылыми дәйексөз алу индексінің ақпараттары қолданылады. Оқу орны студенттерінің оқу жетістіктерінің сыртқы бағалау тестілеуінің нәтижесі, оқу орындары түлектерінің саны, «Болашақ» бағдарламасы қатысушыларының саны және т.б. Методологияға шетелдік және отандық сарапшылардың бағасы мен жұмыс берушілердің бағсы кіреді.

Рейтинг қорытындылары жоғары оқу орнының SWOT-сараптамасы үшін беріледі (мықты және әлсіз жақтарды зерттеу, тәуекелдер мен мүмкіндіктер) және барлық салалардағы көрсеткіштерді жақсарту шаралары.

Әлихан Рахметоллаұлы