Павлодар облысында 2018 жылы 26 ауылдық округ бюджеттің кіріс бөлімін асыра орындаған


Меншікті кіріс көздері бойынша неғұрлым көп сома Ертіс ауылдық округінде жиналды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы хабарлағанлай, 2018 жылдан бастап Павлодар облысының 32 ауылдық округінде төртінші деңгейдің дербес бюджеттері енгізілді.

— 2018 жылдың қорытындысы бойынша оң нәтиже ретінде 26 ауылдық округ бойынша 53 миллион теңгеге кіріс бөлімінің асыра орындалуын атап өтуге болады, — деп хабарлады облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы. — Асыра орындаудың барлық сомасы ауылдық округтер әкімдеріне жергілікті қоғамдастықтың мәселелерін шешуге материалдық ынталандыру ретінде қосымша бағытталды.

Меншікті кіріс көздері бойынша неғұрлым көп сома Ертіс ауылдық округінде жиналды. Мұндағы төртінші деңгейлі бюджет бойынша 7,5 миллион теңге құйылды. Жиналыс шешімі бойынша осы қаражат Ертіс ауылында Жастар гүлзарын құруға бағытталды. Павлодар қаласының ауылдық аймағы бойынша 2018 жыл ішінде асыра орындалу сомасы 5,9 миллион теңгені құрады, оны көгал шөпті шабу, ауылдарды санитариялық тазалау, кентішілік жолдардағы шұңқырларды жөндеу секілді ағымдағы мәселелерді шешуге жұмсалады.

Бірінші тоқсанда жиналған қаражатты ауылдық дербес бюджеттерге табыстау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді, қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер өткізіліп жатыр және маусым айында барлығы жобалар іске асырылады.

 

Әлихан Рахметоллаұлы