Павлодар облысында көп балалы отбасылар үшін жеке тұрғын үйлер салынып жатыр

Ақсу қаласында тұратын 56 көп балалы отбасыға жеке тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатқан шағын аудандағы пәтерлер беріледі.

Ақсу қаласына жұмыс сапарымен барған Павлодар облысының әкімі құрылыс учаскесіне барып, жұмыстардың мән-жайымен танысты. Бір кездері жер учаскелері беріліп, құрылыс жүргізілмеген аумақта 25 екі пәтерлі үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Бұл үйлерге осы күзде көп балалы отбасылар қоныстанады.

– Шағын ауданға барлық қажетті инфрақұрылым тартылды, алайда, жер алған азаматтардың бәрі бірдей құрылыс жүргізбеді. Сондықтан, біз бұл учаскелерді арендалық үйлер салу үшін мемлекет меншігіне қайтарып алдық, – Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраев. – Тұрғын үйлерді жалға алу құны 2,5 мыңнан 5 мың теңгеге дейін. Осы шағын ауданда 70 азамат өздері үшін жеке тұрғын үй салып жатыр. Олардың ішінде 30 үй осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

– Болашақ үй иелері пәтерлерді алғанға дейін оларға аулаларды абаттандыруға мүмкіндік жасау керек, – деді аймақ басшысы. – Яғни, әр отабсы күз мезгілінде ағаштар отырғызып, қажет болған жағдайда, есік-терезелерді ауысытырып алсын.

Құрылыс жүріп жатқан шағын ауданды көріктендіруге көп қаражат қажет болғандықтан, облыс әкімі бұл мәселені алдағы жылы қарастыруға уәде берді.

Әлихан Рахметоллаұлы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *