Павлодар облысында жеке медициналық ұйымдардың 71%-ы ақпараттық жүйемен қамтылған

Еліміздегі міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты облыстың дайындығын пысықтау мақсатында жиын өткізілді. Отырыс басында Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының атқарушы директоры Нұрлан Қасымов халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізудің маңыздылығына тоқталды.

— Қазіргі таңда Павлодар облысы тұрғындарын ақпараттандыру жұмыстары қолға алынуда, оның ішінде заңсыз жұмыспен қамтылған азаматтарды рәсімдеу қажет, — деп атап өтті Қордың атқарушы директоры. Сақтандыру медицинасын тиімді енгізу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері біріктірілуде, медициналық ақпараттық жүйелер енгізілуде, дәрігерлер компьютер техникасымен, ғаламтормен қамтылуда.

Қазір Қазақстан бойынша медициналық ұйымдардың 69,7%-ы, ал Павлодар облысы 93,6 %-ы желіге кіру мүмкіндігіне ие. МӘМС жүйесінде халықты медициналық көмекпен қамту ел бойынша 95 %-дан астам деңгейді көрсетті. Павлодар облысы бойынша 90 %-ы қамтылған.

Павлодар облысында 97 әлеуетті қызмет көрсетушінің 55 ұйымы немесе 60%-ы – жеке меншік. Әлеуетті медициналық қызмет берушілердің базасы 2017 жылдан бері жұмыс істейді және тұрақты түрде жаңартылып отырады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы 2019 жылы тегін кепілдендірілген медициналық көмек аясында 65 қызмет берушімен келісімшартқа отырды. Оның – 33-і мемлекеттік, 32-сі жеке меншік. Халыққа тегін медициналық көмек көрсететін ұйымдардың тізімі Қордың fms.kz ресми сайтында жарияланған.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда халықтың, мемлекет пен жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі.

Ақпарат және сурет «Рavlodarnews.kz» АА-ің сайтынан алынды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.