Павлодарда мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыруға арналған орталық ашылады

Павлодарда бұрынғы бала бақша ғимаратында мүмкіндігі шектеулі балаларды сауықтыруға арналған орталық ашу жоспарланып отыр. Жаңа орталықта қимыл-қозғалыс аппаратының кемшіліктері бар бүлдіршіндер қажетті ем-дом алып, бассейнде шомыла алады. 
Біраз уақыт бұрын көп балалы аналардың бастамашыл тобы Павлодар обысының әкіміне мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы орталық ашу туралы өтініш жасаған еді. Орталық ашылатын ғимаратта қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұрынғы бала бақшаның ғимараты облыстық тірек-қозғалыс аппаратының ауытқулыра бар балалар реаблитациялық орталығының жанында орналасқан. Қолданыстағы орталықта барлық қажетті медициналық құрал-жабдықтар бар. Оның үстіне мұнда көп балалы аналар сұрап оытрған бассейн де бар.
— Бастапқыда бұл ғимаратты бөбекжай ретінде пайдалануды жоспарлаған едік. Алайда, көп балалы аналар өз келісімдерін берсе, ғимаратты мүмкіндігі шектеулі балаларға беретін боламыз, — деді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Нұрмағабетов. – Ғимарат 80 орынға лайықталған. Емделу мерзімі үш айға дейін созылады. Яғни, жыл бойы мұнда үш жүз бала емделе алады.
Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов ғимаратты аралап көрді. Ол мұнда емделетін балаларды орналастыру қолайлы болатынын атап өтті. Аймақ басшысы бұл мәселені балалардың ата-аналарымен келісуді тапсырды. Ал, сауықтыру орталығының қызметкерлері балаларды қазірдің өзінде қабылдауға дайын. Қазір мұнда 62 бала емделіп жатыр.
— Қимыл-қозғалысы нашар балалармен жұмыс істеу тәжірибеміз жеткілікті, — дейді тірек-қозғалыс аппаратының ауытқулары бар балаларды сауықтыру бойынша арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы директорының м.а. Роза Қадырбекова. – Кейбір балалар бізде күніне 4 сағат, кейбіреулері 10 сағат емделсе, басқа қалалар мен аудандардан келген балалар тәулік бойы жатады. Бір жыл ішінде біз 180 балаға қызмет көрсетеміз, орталықтың кеңеюі біз үшін де, науқас балалар үшін де аса тиімді болар еді.
Толстой көшесінде орналасқан ғимараттағы жөндеу жұмыстары осы айдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Әлихан Рахметоллаұлы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.