Павлодарлық кәсіпкерлер өздерінің қызметкерлерінің балаларына жазғы демалыс ұйымдастырады  

Павлодар ауданындағы «Луганск» өндірістік кооперативінің басшылығы кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың балаларына Сочиде демалу үшін 10 жодама сатып алса, Успен ауданындағы «Галицкое» ЖШС-нің басшысы үш мектеп лагерінде тәрбиеленушілерге тегін тамақ ұйымластыруға уәде берді.

Павлодар облысының оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері облыс әкімдігінде өткене аппарат кеңесінде талқыланды. Аймақтық білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы бүгінде түрлі кәсіпорындардың басшылары өз қызметкерлерінің балаларына 21,8 млн. теңге көлемінде жазғы демалыс лагерлеріне 350-ден астам жолдама  сатып алуға дайын екенін айтты. Бұл «Богатырь Көмір» ЖШС, Екібастұз ГРЭС-1 АО, СДПП-2 АО және Ақсу ферроқорытпа зауыты сияқты ірі компаниялар.

— Мен өз ауылынадғы спорт және шығармашылыққа бейім дарынды балаларға Сочи қаласында демалып қайту үшін 10 жолдама сатып алған «Луганск» өндірістік кооперативінің басшысы Петр Кузьменконы ерекше атап өткім келеді, – деді спикер. — «Галицкое» ЖШС басшысы Александр Касицын үш мектеп лагерінде тегін тамақтануды қамтамасыз етеді. Бұл мектептердегі жазғы лагерьлерде 310 бала демалады.

Павлодар облысының әкімі атап өткендей, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің мысалдары БАҚ және әлеуметтік желілерде қайталануы тиіс. Болат Бақауовтың айтуынша, облыстың басқа кәсіпкерлері оны қадағалауы керек.

Осы жазда Павлодар облысында 98 мыңнан астам мектеп оқушылары демалыс ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Барлық қаржыландыру көздерінен жазғы демалыстарды ұйымдастыру үшін шамамен 560 млн. теңге қарастырылған. Жазғы науқан барысында облыста түрлі бағыттар бойынша 758 лагерь жұмыс істейтін болады

 

Әлихан Рахметоллаұлы