Тақ Сүлеймен пайғамбарға барша құстар қызметкер құл болғанда……….

Тақ Сүлеймен пайғамбарға барша құстар қызметкер құл болғанда , байғыз атты құс келмеген екен. Сонда Сүлеймен патша:
— Не үшін маған келмейсің? — дегенде.
— Менің жалған дүниеден ешбір керек қылған нәрсем жоқ. Сенен не іздеп келейін?-деген. Осы сөзімен құлдықтан босатылған екен. Адам мұны ойлап, пікір қылуы керек. Ұшқан құсты торға түсіретін, жүйрік аңды орға түсіретін тамақ екен. Жұтқын тамағына ие болған адам торға да түспейді, орға да түспейді. Осы күнгі адаммын деп жүрген адамдардың жауы иегінің астында болып кетті. Ол жау не десеңіз, жұтқан тамақ. Жалғанда мазаққа, ақиретте азапқа түсіретін тамақ. Артық тамақтан тартынған бәрінен халас болады.
Адам арлы болса, қу құлқынның құлына айналмай өзіне, өзінің күш-қайратына сенеді. Бұл пәниде жақсы өмір сүру үшін, әлсіз пенделер қулықпен алдап-арбап өмір сүреді. Әсірсе, қазіргі заманда қу құлқын үшін, байлық-дүние-атақ үшін, қыздардың біреудің жанұясын бұзуы барып тұрған опасыздық. Қарап отырсаң, бұрынғы замандағы тоқалдар мен қазіргі тоқалдардың арасы жер мен көктей. Қазіргі заманда, бәйбішенің келісімінсіз, көп қыздар некесіз бала туып, тоқал емес, ашыналық өмір сүруде. Олар өздерін тоқалмын деп алдап өмір сүреді.
Екі дүниеде бет-пердең ашық болсын десеңіз, біреудің сүттей ұйып отырған шаңырағын бұзбай, опасыздыққа бармау, ол да- ардың ісі. Арсыздық қолынан келетін жан, опасыздықтан тайынбайды. Ар мәселесінде, Алла әр адамға ақылды нәпсіңе билетпеу үшін берген. Ақыл біліммен толысады. Ар- иманмен қатар жүреді. Арсыз адам дүниеде өзін қанша ақтағанмен, Алланың алдында күнахармен тең. Солар қанша жасырғанмен, халық әрбір басқан қадамын халық біліп отырады. Кейбірлер жала жауып, аққа қара жаққанмен, Алла берген абыройды, опасыз тартып ала алмайды екен. Өлшеулі өмірде құдай несібеңе жазған нәсібің сол есептен я кем, я артық болмайды. Арамнан тапқаның күнә, адалдан жегенің тәніңе сауап. Кейбіреулердің опасыздығын халық ақиқатын білгесін, елге масқарасын шығарып әләуметтік желіде тілгілеп жататыны да сол.
Халықтың өзі қазына,
Байқайды сынап түріңнен-,
деген сөз содан қалған-ау.
Тағдырыңа сеніп Аллаға тәуекел етпеу, ынсапсыз, жігерсіз имансыздың ісі.
Бір тәуекел бұзады,
Мың қайғының қамалын-,деп жырауларымыз бекер айтпаған екен.