ТАЛАНТ САТЫЛМАЙДЫ

 

— Бәрiн де сатып алуға болады,- дедi Ғабең бiр жолы.
— Ақшаң болса қалтаңда,
Талтаңдасаң — талтаңда!
Бәрiн де — атақты да, ар-ұятты да, әйелдiң махаббатын да…
Ал бiрақ талантты сатып ала алмайсың. Ешқашанда. Талантты адам бермейдi, Құдай бередi.
Бiздiң Союздың есiгi айқара ашық: халтураға да, дарынсыз сүмелектерге де. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетедi» деген сол. Бiлдiң бе?
Мен, әрине, бiлемiн.
Бұл да бiр кем дүние.
…Қазiргi Жазушылар одағы — бiздiң Мыңбұлақтың егiс даласындай: еккен арпа-бидай арамшөптiң, есекмияның, кекiренiң арасынан көрiнбейдi.

Шерхан Мұртаза

Bakytgul  Hamenova суреті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.