Таразда жеті жоба жұртты ауызсумен қамтуға бағытталады

 

Әлеуметтің әлеуетін арттырудың бірден-бір жолы – тұрғындардың тұрмысын түзеу екені белгілі. Бұл орайда жарық, жол, газ, ауызсу құбырларының құрылысы маңызды рөл атқарады. Ал Жамбыл жерінде бұл бағыттағы жұмыстар жылда жаңаша қарқын алуда.

Елбасы тапсырмаларының аясында Жамбыл облысында жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жөніндегі «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасы нақты іс жүзіне асырылу үстінде. Аталған бағдарлама 2020 жылға дейінгі мерзімді қамтиды әрі республикадағы елді мекендердің барлығын таза да сапалы ауызсумен жабдықтауға бағытталуда. Осыған байланысты жұмыстар өңірімізде де қарқынды жалғастырылуда. Облыстағы 678,5 мың халық тұратын 373 ауылдық елді мекеннің бүгінгі күні 362,7 мың халқы бар 199-ы немесе 53,3 пайызы орталықтандырылған ауызсумен қамтылған. Ал жалпы елді мекендердің 174-інің (46,7 пайызының) халқы құдықтан, колонкадан су алып, басқа да су көздерін пайдаланып отыр.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарында 4 қалада тұрғындардың орталықтандырылған сумен қамтылғаны 88,0 пайызды құрады. Оның ішінде Тараз қаласындағы 357528 адамның 89,3, Қаратау қаласындағы 30214 адамның 100, Жаңатас қаласындағы 22383 адамның 100, Шу қаласындағы 36656 адамның 60,0 пайызы орталықтандырылған су құбыр жүйесінің игілігін көруде.

Биылғы жылға бюджеттен Тараз қаласының сумен қамту саласы бойынша 2 жобаға 1775,2 миллион, ауылдық елді мекендерді сумен қамтуға барлығы 16 жобаға 5222,7 миллион теңге қаржы қарастырылды.

Алдағы уақытта Тараз қаласының сумен қамтылмаған аумақтарына ауызсу жеткізу мақсатында 7 жоба әзірлену үстінде. Олардың негізінен қаланың сырт жақтарында орналасқан және бұрынғы саяжайларында, атап айтқанда, «Шалғай Қарасу – 1,2,3,4,5,6,7», «Қайнар», «Мичуринец», «Ақжол», «Родничок», «Тектұрмас», «Қарасай», «Барысхан», «Шөлдала», «Құмшағал», «Қызыл Абад», «Казарма», «Көлтоған», «Жиделі» тұрғын алқаптарында жүзеге асырылуы көзделген. Осы жобалар дайындалып іске асатын болса, Тараз қаласының тұрғындары толығымен ауызсумен қамтылатын болды.

Иә, бұл келешекке кепіл болар жоспар. Ең бастысы тірлішік көзі тұрғындарға толық жетіп жатса, одан асқан бақыт жоқ.

Дедек Төлен

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.