Toraigyrov University-нің агротехнологиялық факультетінің базасында ветеринарлық зертхана ашылды

Жаңа зертханада тәжірибелік және зертханалық сабақтар өткізіуге пайдаланылады. Бұл туралыжЖоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Зертхананың ашылуына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринария комитеті Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Рашит Нұрбеков қатысты.

Зоотехнология, генетика және селекция кафедрасының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор Надежда Боранбаева мал шаруашылығын тежейтін факторлардың бірі – білікті ветеринарлардың жетіспеушілігі екендігін атап өтті.

— Зертханадағы аса құнды құрал – гематологиялық анализатор. Оның көмегімен қанның сараптамасын 17 көрсеткіш бойынша зерттеуге болады. Кез келген мал ауруының клиникалық симптомдары болады. Оларды тек қана зертханада анықтау мүмкін, – дейді Надежда Боранбаева.

Атап өту керек, 2020 жылдан бастап кафедрада «Ветеринария» мамандығы бойынша оқыту басталады.

Әлихан Рахметоллаұлы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.